Екі елдің бизнес өкілдері кездесті

Елдестірмек –  елшіден!

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің сауда атташесі Насрин Пабарджа Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында Ақмола облысы мен Иранның бизнес-қоғамдастықтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Тараптар екіжақты іскерлік байланыстарды дамыту, кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті нығайту, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың бағыттарын талқылады. Оның барысында агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі және логистика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылып, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру және жаңа өсу нүктелерін айқындауға өзара қызығушылық білдірілді.

Иран Қазақстан үшін Таяу Шығыстағы перспективалы серіктестердің бірі болып табылады. Географиялық орналасуы мен көлік-логистикалық дәліздің болуы өзара сауда көлемін ұлғайтуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

–Екі ел кәсіпкерлері арасында бизнес-миссиялар ұйымдастыру, B2B кездесулерін өткізіп, сұранысқа ие өнімдер мен инвестициялық жобалар туралы ақпарат алмасу мүмкіндіктері де талқыланды. Мұнымен қатар, Иран нарығына ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін жеткізу мәселелері, сондай-ақ, қайта өңдеу және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды, – дейді  бұл ретте, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 430,2 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт  239,3 миллион доллар, импорт 190,9 миллион доллар көлемінде болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға уағдаласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар