Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтің төрағалығымен кандидаттарды тіркеу мәселелері жөнінде комиссия отырысы болып өтті. Облыстық сайлау комиссиясының отырысына «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.
Бүгінгі таңда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу жүргізілуде. «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы облыстық мәслихат депутаттығына 58 кандидаттың тізімін берген. Отырыста комиссия мүшелері партия филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы актіге қол қойды. Кандидаттарды насихаттау жұмыстары үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында басталып, келер жылдың 9 қаңтарында аяқталады. Комиссия отырысында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин Ақмола облыстық сайлау комиссиясына келіп түскен құжаттарды таныстырып, кандидаттарды тіркеу «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бүгінгі таңда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу жүргізілуде. «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы облыстық мәслихат депутаттығына 58 кандидаттың тізімін берген. Отырыста комиссия мүшелері партия филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы актіге қол қойды. Кандидаттарды насихаттау жұмыстары үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында басталып, келер жылдың 9 қаңтарында аяқталады. Комиссия отырысында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин Ақмола облыстық сайлау комиссиясына келіп түскен құжаттарды таныстырып, кандидаттарды тіркеу «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. –Ақмола облысы бойынша 20 мәслихатта 254 депутат болуы тиіс. Соның ішінде облыстық мәслихатқа 32 депутаттық орын бар. Қазіргі таңда депутаттыққа кандидаттардың тізімдері қабылдануда, – дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов. Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.