Халықтың мүддесі – басты басымдық

Күні кеше (25 қараша 2020) Nur Otan партиясының кезектен тыс өткен ХХ сьезінің жұмысына Ақмола облысы бойынша делегат есебінде қатыстым. Сьезді партия Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кіріспе сөзбен ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, партияның сайлау алды бағдарламасыны мәлімдеді.
Сьезд жұмысы аяқталғаннан кейін Nur Otan партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев сьезд делегаттарымен жиын өткізіп, сьезде бекітілген партияның сайлау алды бағдарламасын халыққа кеңінен түсіндіріп, насихаттау қажеттілігін және алдағы сайлауды белсенді өткізу үшін жұмыстар жүргізу керектігін атап көрсетті.
Рас, қазіргідей әлемді алаңдатып отырған күрделі дағдарыс жағдайында еліміздің алдағы күндері қалай болар екен деген алакөңілмен жүрген едім. Сьезде пртия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөздерінен кейін еліміздің кез-келген қиыншылық атаулыдан абыроймен шыға алатындығына деген бір сенім пайда болды.
«Бүгінде Nur Otan партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды. Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе, жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бүкіл әлемге тараған пандемия Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Партия тарапынан халыққа ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Nur Otan белсенділері және еріктілері мұқтаж жандардан көмегін аяған жоқ. Осындай нақты жұмыс пен шынайы жанашырлық береке-бірлігімізді арттыра түседі. Қазақстан қазіргі ахуалға қарамастан стратегиялық даму мақсаттарын дәйекті түрде жүзеге асырады,-деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді сөзі расында да бойға қуат берді.
Партияның сайлау алды бағдарламасы да төрт негізгі басымдықты қамтып отыр. Әсіресе, әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа алынатындығын құптар едік. Бұл ендігі арада қаржыны және жәрдемақыны негізсіз оңды-солды таратуға тосқауыл болар еді Екінші басымдық, ол- дені сау, интелектуалды ұлт қалыптастыру болмақшы. Еліміз бәсекеге қабілетті болу үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беру қажеттігін Қасым-Жомарт Тоқаев баса айтты. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.
Сайлау алды бағдарламада бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынатындығы айтылды. Бұл ұрпағымыздың сапалы да терең білім алуларына зор мүмкіндік туғызары анық. «Шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңғыртылуы керек. Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы 2 есе көбейеді» деді Президент. Бұл –қуаныш!
Өңірлердің экономикасының тұрақты дамуы үшінші басымдық екендігі атап өтілді. Қазіргідей әлемдік экономикадағы дағдарысты жағдай қазақстандықтардың алдындағы әлеуметтік міндеттерді орындап шығу басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылуы мемлекеттің халықтың тұрмыс жағдайларын кез келген жағдайда жақсартуды алға ұстап келе жатқандығын айғақтайды.
Төртінші бағытта халық үніне құлақ асатын мемлекет және азаматтардың жауапкершіліктері жайлы сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде адамдардың мүддесі мемлекеттің басты назарында болатындығын айтты.
Сьезде Мәжіліс депуттарының тізім бекітілді. Осы орайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың заңды түрде өтуін қамтамасыз ету үшін Орталық сайлау комиссиясына және Бас прокуратураға нақты тапсырма бергендігін айтты. Бұл сайлаудың әділ өтеріне деген сенімді нығайта түссе керек.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы 30 жылдығын атап өткелі отырған Қазақстан тәуелсіздігінің оңайға түспегендігін айтты. Қазақ елі Тәуелсіздігінің Көкбайрағын өз қолымен көтерген Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз бүгінгі Қазақстанның тарихы! Қазақ елінің тарихы мен тағдыры Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихы мен тағдыры болып біте қайнасқаны әлемге аян. Тұңғыш Президент осы ел тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтауды аманаттады! Біз бен Сізге және келер ұрпаққа аманат бұл!
Алда-сайлау! Сол сайлауға белсенді қатысып, өзіміздің елдігімізді таныта білейік Біткен іске сыншы көп! Алай да бір бірімізге мін тағып, сын айтып отырар кез емес, керісінше заманның сынынан сүрінбей өтуге атсалысайық. Ел тағдыры, тәуелсіздік тағдыры біздің әрқайсымыздың қолымызда!
Жабал Ерғалив,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,
сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар