Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
10 қаңтар 1997 жыл! - АРҚА АЖАРЫ

10 қаңтар 1997 жыл!

Тәуелсіз еліміздің астанасын Алматыдан Ақмола (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласына ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асқан болатын. Міне, сол бір тарихи сәтке де бүгін 23 жыл!

Астана – бүкіл Қазақстанның жетістігі. Біз ХХІ ғасырда ғаламат дүниені бірге жасадық. Адамзат тарихында мұндай қалалар ешқашан 20 жылдың ішінде салынбаған.  Ал, біз салдық!
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдағаннан кейін, дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру әрі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1997 жылы Ақмола қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына өз септігін тигізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды. Ақмолалықтар Алматыдан келген алғашқы көшті сол 1997 жылы 10 желтоқсан күні Сарыарқаның сақылдаған сары аязы мен ұли соққан боранымен қарсы алып еді. «Жылы жаққа үйренген алматылықтар көп ұзамай кейін қайтып кетеді әлі» деп ойлағанымыз да болды. Алайда, бар қиыншылықтарға қарамастан және де Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басының барынша қажыры мен қайратының арқасында астана салына бастады.
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзақ ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді:
Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондықтан, елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.
Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.
Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда.
Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.
1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.
Бүгінгі Елордамыз – кешегі Целиноград, одан кейінгі Ақмола, ал, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы Тұңғыш Президентіміздің ақыл-парасатымен және ел болашағын алыстан болжаған кемеңгерлігінің арқасында орнаған шаһар!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар