Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Санитарлық бекеттерден өту – қатаң бақылауда - АРҚА АЖАРЫ

Санитарлық бекеттерден өту – қатаң бақылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Әсет Байтеленов Көкшетау қаласының маңындағы санитарлық бекеттердің жұмысы туралы айтып берді.

Бүгінде облыс орталығының периметрі бойынша 6 және Степногорск қаласының маңында 3 санитарлық бекет жұмыс істеуде. Онда карантин талаптарының сақталуын қадағалау шараларына 66 полиция қызметкері жұмылдырылған. Брифингте Әсет Байтеленов санитарлық бекеттерде тұрған полиция қызметкерлері электрондық планшеттермен қамтамасыз етілгенін және қалаларға кіріп-шығатын көліктер арнайы электронды база арқылы тексеріліп отыратынын айтты.
Осындай тексерістердің нәтижесінде 130 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Санитарлық бекеттерден өту кезінде санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 25 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінен айырылса да, санитарлық бекеттерден өтпек болған жүргізушілер де кездескен. Көкшетау қаласының маңындағы санитарлық бекетте полиция қызметкерлері сондай 12 жүргізушінің жолын кескен. Масайған күйінде көлік жүргізген екі жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпаған 24 жүргізуші жауапқа тартылған. 20 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.
Өз сөзінде баяндамашы үстіміздегі айда Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолында орналасқан №1 санитарлық бекетте жергілікті полиция басқармасы мен көлік бақылау инспекциясы бірлесіп, жолаушыларды заңсыз тасымалдаған такси жүргізушісін ұстап, әкімшілік хаттама толтырғанын, карантин аймағына өтуге рұқсаты жоқ көліктерді кіргізбеу және шығармау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар