Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа қаулыға сәйкес карантиндік шаралар жеңілдетілді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа қаулыға сәйкес карантиндік шаралар жеңілдетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов пен өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның қатысуымен брифинг болып өтті. Жиында ағымдағы жылдың 12 желтоқсанынан бастап Көкшетау мен Степногорск маңындағы барлық санитарлық бекеттер алынып тасталғандығы айтылды.

– Көкшетау және Степногорск қалаларында короновирус дертінің өршуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Екі аптадан артық уақыт «қызыл аймақта» болдық. Қатаң талаптың  арқасында қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Алайда, босаңсуға болмайды. Осы орайда өңір тұрғындарына өз денсаулықтарына салғырт қарамай, санитарлық қызметтердің талаптарын сақтауға шақырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары жиын барысында сөйлеген сөзінде.

Айнагүл Советқызының мәлімдеуінше, өңіріміздің «сары аймаққа» енуіне байланысты жаңа қаулы жүзеге асатын болады. Қаулыға сәйкес, діни, мәдени нысандарының, оның ішінде кітапханалар мен музейлердің жұмысына рұқсат беріледі. Қала маңындағы автобус маршруттары мен электр пойыздарының жұмысы қайта жанданады. Дүкендер мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы сағат  жетіден түнгі онға дейін ұзартылатын болады. Сенбі күні базарларға, сұлулық салондарына, фитнес-орталықтарына және қоғамдық көліктерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ірі дүкендер мен сауда орталықтарына құрылыс материалдары мен бөлшектерін сататындардан басқа, сенбі және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ жексенбі күні демалыс күні болып саналады. Алайда аталған нысандардың толымдылығы  30 пайыздан аспауы керек.

– Санитарлық бекеттер алынып тасталады, бірақ аймақ тұрғындары мен қонақтарына әсіресе, 65 жастан асқан  адамдардың өз денсаулығына жүрдім-бардым қарамауын сұраймын. Себебі, облыс бойынша короновирус жұқтырғандардың  40 пайыздан астамы осы жастағы адамдар, – деп қадап айтты өңіріміздің бас санитарлық дәрігері.

Жиында белгілі болғанындай осы оқу тоқсанының соңына дейін мектептерде бұрынғы оқыту режимі қалатын болады. Кезекші сыныптардың санын көбейту туралы шешім екінші тоқсанның қорытындысы бойынша қабылданбақшы. Сондай-ақ, қаңтар айында мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі де қарастырылып жатыр. Барлық бұқаралық, мәдени-көпшілік іс-шараларға атап айтсақ, Жаңа жылдық банкеттерге тиым салынып отыр. Ал, балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктерді тек шағын топ немесе сынып ішінде ғана өткізуге  рұқсат бар.

 

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар