Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау көркімен қуантады - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау көркімен қуантады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында және оның іргесіндегі Краснояр селосында биыл қайта жаңартылған әлеуметтік нысандарды аралап көріп, атқарылған жұмыстардың тиісті бағасын берді және алдағы міндеттерді белгіледі.

Краснояр селосындағы «Көкше» мәдениет үйін күрделі жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 206 миллион теңге бөлінді. Мердігер «Көкшетау құрылыс» ПСК» серіктестігі жөндеуді аяқтады. Барлық инженерлік-коммуникациялық жүйелер ауыстырылды. Көрермендер залы мен ғимараттың іші қазіргі заманғы стилде жасалды. Ғимараттың сырты да жөнделді.
Өңір басшысы биылғы жылы облыс бо-йынша тек қана аудан орталықтарында емес, шалғай селоларда бірқатар мәдениет үйлері жөнделгенін атап өтті. Таяудағы бірнеше жылдарда мәдениет саласы жергілікті биліктің басты назарында болады. Краснояр селосында автокөлік жолына қатты жамылғы төселді. Бұл жалпы ара қашықтықтың 70 пайызы. Осылайша алғаш рет селоның жол инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Мердігерлер өз міндеттерін орындағанмен, сапа жөнінде мәселе туындады.
Облыс әкімі өз сөзінде мемлекет инфрақұрылымды жаңғыртуға көп қаржы бөліп, әр теңге уақытында әрі үлкен пайдамен игеріледі деп сенім артатынын атап өтті. Ол үшін мердігерлермен жұмыс істеп, жобалық-сметалық құжаттаманы уақытында дайындау керек. Келесі жылы Красноярдың жеті көшесінде жол инфрақұрылымын жөндеу жоспарланған.
Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайының сырты жаңартылғаннан кейін көрікті болды. Үлкен экран да өзіне тартады. Мұнда қалалықтар үшін кез-келген пайдалы ақпарат беріледі. Бұл – басымдыққа ие бейне-афиша. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында көрермендер залы мен фойе жаңартылды. Өңір басшысы мәдениет ошағының маңын абаттандыруды келесі жылға жоспарлау қажеттігін айтты.
Қосымша ғимарат салынған №6 орта мектептің құрылыс алаңында Ермек Маржықпаев талай рет болып, мердігерлерден сапалы жұмысты талап еткен. 300 орындық қосымша корпус толық дайын. Мұнда 12 оқу класы және 3 мультимедиялық кабинет орналасқан. Бұл қаладағы үш ауысымдық білім беру проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Негізгі мектеп пен қосымша ғимаратты екінші қабат деңгейіндегі галерея қосады. Құрылыс жобасына мектеп маңын абаттандыру кіреді.
Қазір 8-інші орта мектеп танымас-тай болып өзгерген. Жарты ғасырлық ғимарат күрделі жөндеуден өтіпті. Төбесі шатырмен жабылған екен. Инженерлік жүйелер, есік пен терезе ауыстырылып, сыртқы қабырғалар арнайы металмен қалыңдатылған. Нәтижесінде мектеп іші жарық, жылы әрі құрғақ. Мұның барлығына 280 миллион теңге жұмсалды. Ғимаратпен ішкі аула және ескі хоккей корты жараспай тұрғанын атап өткен жөн. Облыс әкімі өз сөзінде мектепті жақсы қолдадыңыздар, енді абаттандыру қажет деп айтты.
Ермек Маржықпаев ағымдағы жөндеуден өткен Қажымұқан атындағы №3 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде болды. Жұмыс сапарының соңында облыс орталығында «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы салған «Көкше Маркет» әлеуметтік павильонының жұмысымен танысты. Жаңа павильондарда қала тұрғындары Ақмола облыстық тұрақтандыру қорынан ұн, күріш, май, қант және өзге де өнімдерді сатып ала алады. «Көкше» ӘКК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ербол Жақсылықов бүгінгі таңда осындай екі дүкен жұмыс істейтінін айтты. «Көкше Маркет» павильонының жүйесі қаланың барлық аудандарын қамту үшін біртіндеп ұлғаяды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар