Балалар бір қуанып қалды

Егемен еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/24 мекемесі қариялар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

Мекеме қызметкерлері оларға азық-түлік пен киім-кешек таратып, қаржылай көмек көрсетті. Кездесуде қызметкерлер балаларды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілген шараның мақсаты балалар мен қарияларға қуаныш сыйлау екенін жеткізді. Алдағы уақытта істерінің оңға басуына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
–Балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды да мақсат тұттық, – дейді бұл орайда, мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Дархан Мырзабеков.
Сөз соңында мекеме қызметкерлері мұндай қайырымдылық акциясын жыл сайын ұйымдастырып отыратынын айтқан жөн.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар