Мақсат айқын, ісі нақты

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Ақмола облысына келген Республикалық штаб жетекшісі Бауыржан Байбек Көкшетау қаласында жас мамандармен және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірге жастардың өз қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу мен жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

«Nur Otan» жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50 процентке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады. Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады. Партияның сайлау-алды бағдарламасы аясында студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін – 1,5 есе көтеру, колледж-дер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.
Жылына 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасын іске қосу жоспарлануда. Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруы үшін жыл са-йын 10 мың грант ұсынылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен кездестік.
Таяудағы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бо-йынша 7 ірі агроөнеркәсіптік экожүйені іске қосу, 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тартып, жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жаңадан 600 мың гектар суармалы жерді игеру есебінен 70 мың жаңа фермерлік шаруашылық ашуды ынталандырамыз.
Біздің nurotan2021.kz сайтындағы сайлауалды бағдарламамызда жазылған осы және басқа да шаралар арнаулы техникаға
деген сұранысты арттырып, отандық машина жасау саласын қажетті жұмыс
көлемімен қамтамасыз етуі тиіс.
Бауыржан Қыдырғалиұлы Ақмола облысына сапар барысында бірқатар азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауда болған Бұланды ауылының тұрғыны Резида Абдрахманова ауылдағы апатты жағдайда тұрған жалғыз мектепті жөндеу жөнінде өтініш білдірді. Ал, Аршалы ауылынан келген Нұрмұханбет Қасымхан өз ауылдастарының мәдениет үйін салу туралы өтінішін жеткізді.
Көкшетау тұрғыны Шияп Алиев қаланы газдандыру мәселесін көтерді. Арайлы ауылының тұрғыны Жансая Айтбаева ауылдағы барлық көшені сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды өтінді. Осында айтылған барлық мәселе, аманаттар мен ұсыныстар ерекше партиялық бақылауға алынады. Мақсаты айқын, нақты істер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!
«Nur Otan» партиясының
Ақмола облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар