Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаулық ержүрек майдангерлер - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаулық ержүрек майдангерлер

«Белоруссияны азат еткені үшін» медалімен марапатталды

Басқыншы жаумен алғашқылардың бірі болып бетпе-бет шайқасқан белорус халқы Ұлы Отан соғысы жылдары көп азап шекті. Шағын деревнялардан бастап үлкен қалаларға дейін тегіс қирады. Қарапайым адамдар өлім құшты. Әйткенмен, фашистер қаншалықты айуандық танытса да, ержүрек белорус халқының сағын сындыра алмады. Кеңестер Одағындағы барша ұлттардың бауырмалдығының арқасында олар туған елін азат етіп, өркендеген мемлекеттер қатарына қосты.

Туысқан халықтар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Адамзат баласы Брест қамалын ерлік пен батылдықтың жарқын мысалы, Хатынь қасіретін табандылық символы ретінде қастерлейді.Басқыншы жаумен алғашқылардың бірі болып бетпе-бет шайқасқан белорус халқы Ұлы Отан соғысы жылдары көп азап шекті. Шағын деревнялардан бастап үлкен қалаларға дейін тегіс қирады. Қарапайым адамдар өлім құшты. Әйткенмен, фашистер қаншалықты айуандық танытса да, ержүрек белорус халқының сағын сындыра алмады. Кеңестер Одағындағы барша ұлттардың бауырмалдығының арқасында олар туған елін азат етіп, өркендеген мемлекеттер қатарына қосты. Туысқан халықтар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Адамзат баласы Брест қамалын ерлік пен батылдықтың жарқын мысалы, Хатынь қасіретін табандылық символы ретінде қастерлейді.Белоруссияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуінің 75 жылдығына орай, Президент Александр Лукашенконың Жарлығымен көкшетаулық бір топ майдангер мерекелік медальмен марапатталды. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев 1-ші және 2-ші Белорусь майдандарындағы шайқастарға қатысқан кіші сержант Василий Горбонос, ефрейтор Саттар Жақанов, қатардағы жауынгер Есқожа Итжановқа аталған награданы үйлеріне алып барып табыстады.Өкінішке орай, жеті жерлесіміз: атқыштар Кенжебек Әкімбаев, Пантелей Толстопят, минометші Петр Шаталов, артиллеристер Владимир Арефьев, Александр Кияткин, Жанайдар Рамазанов пен Әлімгерей Мәженов қазір арамызда жоқ.

«Белорусияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етудің 75 жылдығы» мерекелік медалі майдангерлердің ұрпақтарына табыс етілді.–Менің әкем Владимир Григорьевич Арефьев 2 және 3 Белорусь майданының әскери құрамаларында жаумен шайқасты,–дейді «Көкше-Полиграфия» акционерлік қоғамының президенті Валентина Старкова. Ол жауынгерлік ерлігі үшін бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әкем өткен жылы 95 жасында дүниеден озды. Ол ержүрек жауынгер ғана емес, адал еңбеккер, отбасының қамқоры және ардақты әке болды. Мен бүгін оның наградасын ала отырып айрықша мақтаныш сезіміне бөленудемін. Белорусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға соғыс ардагерлеріне деген ыстық ықыласы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Гүлжан Тілеубаева,Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар