Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасы талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет сапасы талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің биылғы жылдың ең соңғы отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда орын алып жатқан түрлі мәселелерінің шешілуі мен оларға көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы жан-жақты талқыланды. Кеңесте аудан әкімдері қашықтықтан онлайн байланысқа шығып, аймақтарындағы аталған мәселеге қатысты жұмыстардың қаншалықты атқарылып жатқандығы жөнінде баяндама жасады.

Өңірде әлеуметтік қызмет көрсетудің шоғырландырылған үлгісі енгізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға қатысты техникалық құралдармен қамтамасыз ету әлі де жалғасып жатыр. Үйлестіру кеңесінің отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қолдау жөніндегі мәселелер қаралып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың да жұмысы талқыланды.
–Біздің облыста 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар екен. Бұл жалпы халық санының 4 пайызын қамтып отыр. Олардың 9,5 мыңын бейімдеу және оңалту қажет. Ол үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын іске асыруға жағдай жасауымыз керек, –деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова.
Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бағдарламалар шеңберінде өңірде 9802 іс-шара өткізілді. Оңалту жобаларына республикалық бюджеттен қосымша 500 миллион теңге бөлініп, мүмкіндігі шектеулі ақмолалықтардың 83 пайызы аталған қызметпен қамтылды.
–Орташа есеппен алғанда, өткен жылмен салыстырсақ, біраз айырмашалық бар. Өткен 2019 жылы 301 адам медициналық тексерістен өткен. Бұл көрсеткішке қарасақ, мүмкіндігі шектеулі жандар азайған болып көрінеді. Бірақ, олардың көбі өзінің мүгедектігін растауды рәсімдеуге келмеген. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайы ауырлау дерегінің өсу қарқыны жоқ, – дей келе облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Шериязданов аудандарда отырған жауапты мамандар мүгедектігін ресімдеуге қажетті жолдамалар мен анықтамаларын сұрап келген адамдарға дұрыстап толтырып, мөрлерін басып берулерін тапсырды. Осындай шалағайлықтардың салдарынан шалғай ауылдардан келген мүгедек жандар қиындықтар көретіндігін айтқандығын алға тартты.
Сондай-ақ, отырыста мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі де талқыланды. Мәселен, еңбекке қабілетті 11 мың адамның 55 пайызы ғана жұмыс істейді екен. Жиын барысында кейбір аудан әкімдері «кедергісіз болашақ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова да өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша жыл бойында облыс аумағындағы БАҚ-тарда шыққан материалдарға талдау жасады.
Кеңес соңында келер 2021 жылға арналған жоспарлар мен арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенінің қызметі талқыланды.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар