Қосымша цех пайдалануға берілді

– Биылғы жыл еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де ауыр болды, – деп бастады әңгімесін Көкшетау қаласындағы «BBS» автокешенінің басшылары, «YACCO», «Mobil», «Motul» бренд майларын сатудың ресми өкілдері ағайынды Салауат пен Бақтияр Байдрахмановтар.

– Әсіресе, бұл біз сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін оңай болған жоқ. Қалай дегенмен де, карантин кезінде мемлекет тарапынан кең қолдау болғандығын айтсақ дейміз. Жұмысшылар үшін салық жеңілдіктері қарастырылды. Көп жұмысшылар әлеуметтік төлемдер алды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлескен күш-жігердің арқасында жұмыс та тұралап қалған жоқ, ауруды да еңсеріп келеміз, – дейді олар бірауыздан.
Автокешен басшыларының айтуынша, қаражатты үнемдеу мәселесінде «DAV», «Kulan oil», «Шате-М» серіктестіктерінің тарапынан үлкен қолдау мен көмектің арқасында жақында ұжым автомобильдерді жөндеу бойынша жаңа қосымша цехты пайдалануға берді.
Ғимаратта қозғалтқыштарды күрделі жөндеу, техникалық сұйықтықтарды ауыстыру, сондай-ақ, отын жүйесіне жөндеу жүргізу жұмыстары атқарылады. Жабдықтардың барлығы қазіргі заман талабына сай заманауи құрылғылар. Мұнда Олег Загородкин мен Ардақ Исмағамбетов есімді мотористер, отын аппаратурасын жөндеу жөніндегі слесарь Иван Ливендер, Владимир Вайсберт, шиномантажшы Сергей Беликов сияқты өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейді.
Көп жұмыс қабылдаушы Асхат Темірғазинге де байланысты. Бір сөзбен айтқанда, бұл ұжым кез-келген шетелдік машинадағы кез-келген ақаулықты жөндей алады.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар