Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ірі тау-кен металлургиялық кешенінің құрылысы басталды - АРҚА АЖАРЫ

Ірі тау-кен металлургиялық кешенінің құрылысы басталды

RG Gold компаниясы Ақмола облысындағы тау-кен металлургиялық кешенінің толық жобалауын бастады. Оның құрылысына салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі 160 миллиард теңгеден асады. «Верный Капитал» және Resource Capital Fund американдық қоры RG Gold компаниясының акционерлері болып табылады.

Жобалау жұмыстарын орындау үшін өнеркәсіптік объектілерді жобалау мен салуда көшбасшы болып табылатын қазақстандық AAEngineering компаниясы тартылды.
–Жаңа фабриканың қуаттылығы жылына 5 миллион тонна бастапқы кен. Жазда барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді. Құрылыс 2022 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады, – дейді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.
Ерлан Оспанов сондай-ақ, 2014 жылдан бастап геологиялық барлауға шамамен 7 миллиард теңге инвестициялағанын хабарлады. Геологиялық барлау нәтижелері бойынша бағалы металдың қоры 100 тоннаны құрады, ал, ресурстар JORC халықаралық жіктемесі бойынша 185 тоннаға бағаланды. Райгородок кен орнының әлеуеті әлі толық зерттелген жоқ. Геологиялық барлау жұмыстары және оларды инвестициялау жалғасуда.
–Жаңа фабрика 1100-ден астам қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ал, мемлекеттік бюджетке жиынтық салық аударылымдары жылына 20 миллиард теңгені құрайды. Компания жыл сайын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымын жақсартуға 100 миллионнан астам теңге бөледі. Мысалы, жақын маңдағы ауылдардағы мектептер күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа ұңғыма бұрғыланды, аудан орталығы Щучинск қаласы мен Дмитриевка ауылы арасындағы автожол жөнделді, – деп толықтырды ақпаратты RG Gold бас директоры Лоуренс Россоу.
RG Gold компаниясы өзінің операциялық қызметінде корпоративтік басқарудың, экологиялық және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ұстанады. Кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органдармен және сыртқы аудиторлармен белсенді өзара іс-әрекет жасайды, сондай-ақ, тоқсан сайынғы негізде атмосфералық ауаны, су ресурстарын, топырақты және радиациялық фонды зерттеуді қамтитын қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізеді. Экологиялық мониторинг нәтижелері компания сайтында жарияланып отырады. Барлық қызметкерлер тренингтерден өтеді және қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті емтихандар тапсыруға міндетті.
Фабриканы жобалау мен салудың барлық кезеңінде Ақмола облысы тұрғындарының, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қоршаған және орта белсенділерінің қатысуымен жеті қоғамдық тыңдау өткізілді. Желтоқсан айында тағы бір тыңдау өткізу жоспарланған. Қоғамдық тыңдаулардың барлық хаттамалары Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында жарияланатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар