Өңірлік коммуникациялар қызметінде облысымызда Волонтер жылы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы брифинг өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахмановтың айтуынша, облыста Волонтер жылы аясында «Білім», «Сабақтастық», «Асыл мұра», «Қамқор», «Таза әлем», «Үміт», «Саулық» бағыттары бойынша 7 жалпыұлттық жоба іске асырылған. Еріктілер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ақмола облысында волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған оқыту іс-шараларын ұйымдастыру» лоты бойынша жұмыс істеген. Солардың арасында Ирина Катухова басқаратын «Dobroe serdce – Lider.kz» қоғамдық қоры да бар. Волонтерлік ұйымның негізгі жұмыс бағыты жоғалған адамдарды іздестіру және жалғызбасты қарттарға көмек беру. Брифингте Ирина Владимировна биыл облысымызда жоғалған 54 адамды табуға және екі адамға үй алып беруге көмектескендерін айтты.
Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Анаргүл Белгібаева биыл ашылған «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің жұмысы туралы айтып берді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.