Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ақпаратына сәйкес, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де күрделі. 220 мемлекетте 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды, яғни науқастың 2,2% көз жұмды.
Салалық ведомство басшысының атап өтуінше, елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ- диагнозы қойылған. Бүгінде пациенттердің 87% індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын.
«Республика қаупі төмен — жасыл аймақта тұр. Жоғары қауіпті аймақта немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды. Сары аймақта немесе орташа қауіпті аймақта 6 өңір: Солтүстік Қазақстан облысы, және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары», — деді А.Цой.
https://ortcom.kz/kk/novosti/2021-zhyldyn-basynda-respublika-zhasyl-ajmaqta-tur-dsm-basshysy