Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
9 мыңнан астам байқаушы бақылайды - АРҚА АЖАРЫ

9 мыңнан астам байқаушы бақылайды

«Қоғамдық келісім» мекемесінде 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауында партиялық емес бақылауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша үкіметтік емес сектор және азаматтық қоғамның қатысуымен дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына сәйкес, еліміздегі саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары сайлау комиссиясының отырысына қатысуға, дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға құқылы. Осы ретте, біздің облысымызда да сайлауға байқаушы ретінде қатысуға ниет білдіріп отырған қоғамдық ұйымдар баршылық. Аталмыш іс-шараға «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола филиалының төрайымы Ирина Терентьева қатысып, сайлаудағы азаматтық сектор байқаушыларының рөліне ерекше көңіл бөлді. Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов штабтың қызметі байқаушыларды оқыту және сайлау өтетін күні олардың жұмысын ұйымдастыруға бағытталғандығын атап өтті.
–Біздің штабтың негізгі мақсаты – байқаушыларды дайындау. Бүгінде облыстағы байқаушылардың саны 9 мыңнан асады. Олар түрлі сала мамандары, қоғам белсенділері, кәсіподақ, партия, бизнес өкілдері мен жастар. Депутаттық сайлау жаңа форматта өтеді. Біріншіден, алғаш рет он алты жылда бұл мерзімінен бұрын өтіп жатқан емес, кезекті сайлау. Екіншіден, пандемия өмірдің барлық салаларына, соның ішінде сайлау өткізуге де түзетулер енгізді. Үшіншіден, бұл заңнамаға енгізілген түзетулер. Депутаттар алғаш рет партиялық тізімдер бойынша өтеді. Әйелдер мен жастар үшін міндетті квоталар, саяси партиялар құру үшін мүшелер саны бойынша тіркеу талабы екі есеге төмендетілді. Осы жаңалықтардың барлығын біз бақылаушылар ретінде білуіміз керек, – деді Ерлан Зәкіриянов.
Мәселен, 200 байқаушы биылғы сайлау науқанына кәсіподақтар ұйымдарының атынан қатысқалы отыр. Осы ретте, Ақмола облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов сайлауға кәсіподақтар ұйымының дайындығы жөнінде айтып берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар