Ақмола облысында 378 206 сайлаушы дауыс берді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауына ақмолалықтар белсенді қатысты деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов.

Оның айтуынша, аймақтағы 722 сайлау учаскесіне таңнан кешкі сегізге дейін 378 мың 206 адам дауыс беріп, өз таңдауын жасаған. Ерлан Зәкіриянов бұл жолғы саяси шарада облыс жастары аса белсенділік танытқанын атап өтті.

– Облыс аумағында Франция, Германия, Ресей және тағы бас елдерден барлығы 17 халықаралық байқаушы тіркеліп, өңіріміздің Ақкөл, Целиноград, Шортанды және Степногорск пен Көкшетау қалаларында сайлау барысын бақылады. Саяси науқанда ешқандай заң бұзушылық фактісі тіркелген жоқ. Сайлау барысында жастардың белсенділігін атап өтсек деймін. Әсіресе, 30 жас пен 45 жас аралығындағы азаматтар аса белсенді болды. Таңнан кешке дейін Ақмола облысының сайлау учаскелерінде барлығы 378 206 адам дауыс берді, – деді облыстық байқаушылар штабының жетекшісі.

Жиын барысында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола филиалының төрайымы Ирина Терентьева да сөз сөйлеп, сайлау барысы туралы тарқатып айтып берді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар