Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының өткен 2020 жылдағы 20 жетістігі - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының өткен 2020 жылдағы 20 жетістігі

2020 жыл пандемияға байланысты бүкіл әлем үшін, соның ішінде біздің еліміз үшін де қиын соқты. Соған қарамастан, өткен жыл Ақмола облысының тұрғындары үшін экономикалық жетістіктер мен қызықты оқиғаларға толы болғаны да белгілі. Осы ретте, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы өңірдің 2020 жылғы негізгі қорытындыларын ұсынады.

2020 жылғы инвестициялар көлемі 2019 жылғы деңгейдің үштен бірінен асты. Күрделі жағдайда жұмыс істей отырып, ақмолалық кәсіпорындар өндірісті жаңғыртуға белсенді түрде қаржы инвестициялады. Бұл көрсеткіш бойынша респуб-ликада үздік үштіктің қатарынан көріндік.

Облыс өткен жылдың қорытындысы бойынша тарихи межеге – 1 триллион теңгеге қол жеткізді. Бүгінгі таңда өңірдің индустриялық әлеуеті көп салалы құрылымды білдіреді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27 есеге өсті.

Облыс алтын өндіру бойынша республикада 1-ші орында. Бүгінде 30 тоннаға жуық алтын өндіріледі, бұл 2003 жылғы көлемнен 14 есе артық. Бұл көрсеткіш жақын арада RG Gold және Ақсу Technology жаңа фабрикаларын салу бойынша перспективалық жобаларды іске асыру есебінен айтарлықтай артады.
Ақмолалық диқандар астықтан да мол өнім жинады. Өңір аграршылары 5,2 миллион
тонна астық бастырды, бұл өткен жылғы жалпы түсімнен 17 пайызға артық. Орташа өнімділік гектарынан 11,8 центнерді құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда біршама жоғары.
Ақмола облысында бір мезгілде 2 жел электр станциясы салынды. Соның бірі – Ерейментау ауданында, қуаттылығы 30 МВт. Бұл қуаты мен жылжымалы ауданы бойынша әмбебап жел қондырғысы, нарықтағы ең жақсы турбина.
Аршалы ауданында «Астана EXPO-2017» жел электр станциясының екінші кезегі пайдалануға берілді, ол 10 мыңнан астам отбасының жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етуге, парниктік газдар шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға және жыл сайын 80 мың тонна қатты отынды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, облыс орталығына жақын жерде жел электр станциясын салу бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылды, онда қуаты сағатына 3,7 МВт болатын 5 жел генераторы салынды. Әр қондырғы 750 кВт электр қуатын өндіре алады.
«Макинск құс фабрикасы» серіктестігі бройлер өсіру бойынша өндірістің екінші кезегін пайдалануға берді. Бұл – кәсіпорынның қуатын жылына 25 мың тоннадан 56 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Екінші кезеңінің іске қосылуымен құс фабрикасы қуаты жағынан Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынға айналды. Алғашқы бройлерлер 2021 жылдың қаңтарында етке сойылады.
«RG Gold» серіктестігінде алтын өндіру фабрикасының құрылысы басталды. Бұл ауқымды жоба – жылдық қуаты 5 миллион тоннаға дейінгі бастапқы кенді қайта өңдеуге бағытталған. Құрылысты аяқтау және пайдалануға беру 2022 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Жаңа нысанды іске қосу бір мың қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ақмола облысында 2020 жылы
5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Қолжетімді тұрғын үй құрылысымен облыстың барлық
аудан орталықтары және Көкшетау мен Степногорск қалалары қамтылған. Мемлекеттік инвестициялар есебінен облыста 30 жалға берілетін және 13 несиелік үйлер салынуда.
Биыл жергілікті маңызы бар 700 шақырым жол жөнделді, оның 250 шақырымы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде.
Соңғы үш жыл ішінде, қазіргі жолдарды қоса алғанда, 1,5 мың шақырымнан астам жергілікті жол жақсы жағдайға келтірілді, оның 800 шақырымы ауылдық жерлерде.
Қопа көлінің жағасы абаттандырылды. Мұнда заманауи спорт алаңдары, балалар ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер мен веложолдар, 500 орындық амфитеатр, жасыл аллеялар, қайықтар мен катамарандарға арналған пирстер пайда болды.
Пандемия жағдайында «Тыныс» акционерлік қоғамы өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттарды шығаруды жедел түрде 10 еседен астам арттырды, «Тұрмыстық химия зауыты» серіктестігі қысқа мерзімде бактерияға қарсы және антисептикалық өнімдердің жаңа өндірісін қайта бағдарлады және ретке келтірді.
Облыс орталығында 150 келушіге арналған Онкологиялық орталықтың құрылысы аяқталды. Қазіргі заманғы емдеу мекемесінде қатерлі ісіктерге күдікті па-
циенттерге, сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған адамдарға консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Орталық озық медициналық жабдықтармен – МРТ аппаратымен, жаңа КТ аппаратымен, 3 жұмыс орнына арналған рентген аппаратымен, стереотаксис функциясы бар мамографпен, сондай-ақ, эндоскопиялық жабдықтың толық желісімен жабдықталған.
«Болашақ» оқушылар сарайы салынды. Негізгі бағыт –
IT, робототехника және бағдарламалау тілі. Сарайға оқу ғимараты, спорт залы, бассейн кіреді. Мұнда 75-тен астам даму клубтары құрылды.
Облыстың 6 білім беру мекемесіне көрнекті тұлғалардың есімдері берілді. Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімі берілді. «ІТ мектеп-лицейі» енді ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімімен аталады. Степногорскідегі төрт мектепке Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Шоқан Уәлихановтың және Қаныш Сәтбаевтың есімдері берілді.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағы жақсы жағына айтарлықтай өзгерді. Қазақстанның басты курорттық аймағы – Бурабайда ұлттық парктің көрікті жерлерін тамашалауға болатын бақылау алаңының құрылысы аяқталды. Ол «Көкшетау» тау жотасында 135 метр биіктікте орналасқан.
Сондай-ақ, Бурабайдағы Абылай хан алаңында «Батырлар» көркем-мүсіндік композициясы пайда болды. «PromenadeBurabay» көпфункционалды кешенінің және Қазақстанда баламасы жоқ экспозициялық кешен – мультимедиялық мәдени-көрме кеңістігінің құрылысы аяқталды. Аттракциондары бар биік шолу шеңбері салынды, сонымен қатар, Discovery аумағында аквапарк пайда болды.
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт кешені ашылды. Кешенде бір уақытта мүмкіндігі шектеулі 60 адам спортпен шұғылдана алады. Мұнда келушілерге барлық қажетті жағдайлар жасалған – жаттығу залы, емшара-массаж кабинеті, жекпе-жек және фитнес залдары бар. Алдағы уақытта қонақ үй кешені мен жабық футбол алаңын салу жоспарлануда.
Көкшетаудағы тұрғын үйлердің қасбеттерін тарихи тұлғалар мен ұлттық дәстүрлер түрінде нағыз өнер туындыларымен бейнелеу қала әкімдігінің бастамасы болып табылады. Суретшілердің күш-жігерінің арқасында оларға Абылай ханның, Шоқан Уәлихановтың түрлі-түсті портреттері, сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрдегі бейнелер салынды.
Ақмолалық «INTER TRADE» серіктестігі ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінде «Іскер» арнайы сыйлығының лауреаты атанды. Компанияның меншігінде тәулігіне 150 тонна жоғары сұрыпты «Атбасар ұнын» шығаратын диірмен кешені бар.
Жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері М.Ғабдуллиннің бұрын жарияланбаған «Қазақ баласы» кітабы жарық көрді. Кітап Бауыржан Момышұлының және басқа да қазақ жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерліктеріне арналған.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ІІІ республикалық онлайн-байқауының қорытындысында Ақмола облысы 4 аталым бойынша жеңіске жетті:
– «Облыстық маңызы бар үздік музей» аталымы бо-йынша биыл ғасырлық мерейтойын атап өткен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жеңімпаз болып танылды;
– «Бір отбасы – бір кәсіп» аталымы бойынша Қорғалжын ауданының Құсайыновтардың халықтық отбасылық ансамблі үздік атанды;
– Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының сайты «Мемлекеттік кітапханалардың үздік сайты» аталымы бойынша үздік деп танылды;
– «Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» аталымы бойынша Жақсы орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Қайдаулова жеңімпаз атанды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар