Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорларды жазаның күшейтілгені ойландыруы керек - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорларды жазаның күшейтілгені ойландыруы керек

Енді жаңа заңнамаға сәйкес, парақорлыққа жол бергендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен бірге, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері де бірнеше есеге өсті. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Аntikor» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.

– Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда, – деп сөзін бастаған департамент басшысы соңғы кездері енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Толығырақ тоқталсақ, 2019 жылдың соңында енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілікке тартылуы, Қазақстанның ГРЕКО-ға кіру процесін аяқтау, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынғаны туралы баяндалды.
Соңғы екі жыл ішінде республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара берудің 480, парақорлыққа делдал болудың 37, бизнес жұмысына заңсыз араласудың 713 дерегін анықтады. Облыстың бұл орайдағы көрсеткіштеріне тоқталсақ, соңғы екі жыл ішінде пара берудің 63, бизнес жұмысына заңсыз араласудың 35 дерегі тіркеліпті. Дегенмен, бұрнағы жылдарға қарағанда, облыста жемқорлық әрекеттерінің анықталуы мен тіркелуі бойынша қылмыстар саны 10 пайызға дейін азайыпты.
Егер еселенген айыппұлдарды ғана алатын болсақ, онда пара берушілер мен делдалдарға шығарылған сот үкімі бойынша екі жылда бюджетке 600 миллион теңге қаржы түсуі тиіс.
Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шараларды көздейтін заңға қол қойған болатын. Аталған заңда Президенттің өткен жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны қатаңдату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалар жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. Мысалы, бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін қылмыскер ең жоғарғы санкция бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, ендігі арада бұл әрекет орташа ауыр қылмыс ретінде танылды. Ал, жазаның ең жоғары шегі 7 жылға дейін ұлғайтылып, бұл әрекеті үшін қылмыскерлерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынып, қауіпсіздігі қатаң түзету колонияларында жазаларын өтейтін болады. Мұндай қатаң шаралар парақорлыққа делдал болғандар үшін де қолданылады. Жазалау мерзімінен бөлек, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берген парақорлар мен делдалдар үшін салынатын айыппұлдар мөлшері де көбейді. Енді адамдар қарапайым пара бергені үшін ең төменгі еселенген айыппұлдың екі еселік көлемін төлейтін болады. Бұл дегеніміз, егер парақор 100 мың теңге пара бергені үшін сотталған болса, онда оған 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынады. Делдалдар үшін де айыппұл көлемі осыған ұқсас екі есеге дейін ұлғайды.
–2018 жылдан бастап департамент облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша арнайы жобаны іске асырып келеді. Бүгінгі таңда департаментте инвестицияның жалпы сомасы 690 миллиард теңгені құрайтын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің» 67 бизнес-жобасы бар. Бизнесті қорғау контексінде кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді. Енді құқық қорғау органдарының қызметкерлері бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына,
5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құқық қорғау органдары басшылары мен судьялардың осындай әрекетке баруы одан да қатаң жазаланады, – деді департамент басшысы.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар