Ұлы Абайдың мұрасы – Мәңгілік елдің рухани қазынасы

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Абай – әрі ұлы, әрі ұлттық ақын. Абайдың жақсылық іздейтіні – момын шаруа. Сондықтан бұл қазақ даласының тарихындағы халық тілегін айтқан ақын, үстем тапқа қарсы болған, бұқараға сүйеу болған ақын.

Ұлы ақындардың орны тарихи мәні бар өзгерістерге, туған елінің бір сатыдан бір саты жоғары өрлей беруіне қай кезде бастаушы, қай кезде қостаушы бола білгеніне байланысты. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы,  жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады. Ұлы ақындардың орны тарихи мәні бар өзгерістерге, туған елінің бір сатыдан бір саты жоғары өрлей беруіне қай кезде бастаушы, қай кезде қостаушы бола білгеніне байланысты. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы,  жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған. Жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін тимеген. Білімнен мал артық болушы ма еді деп, Абай жұрттың онысына көнбей таласқан. Сөйтіп, партия ылаңына кіріп кеткен. Өнер, білімін партия ісіне салған. Білімнің қызығын жалғыз ғана тобықтылар көріп, басқаларға пайдасы тимей, болыстыққа құмар көп қазақтың бірі болып кетуі де ықтимал еді. Қазақтың бағына ондай болудан құдай сақтаған.Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы әр нәрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен, басқа ақындардың сөзге шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай сөзінен «Әбубәкірдің шайды, кебісті әркім тұтынып кеткені асылды қорлау болды» деп қайғырған сөздері табылмайды. Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан. Абай сөздің ажарына қарамай, сыпайылығына қарамай, әр нәрсенің бар қалыбын сол қалыбынша дұрыс айтуды жөн көрген. Мысалы, «Аттың сыны» деген өлеңінде құлаққа жағымсыз естілетін сөздер бар. Бірақ аттың сынына керек мүшелері болған соң, оларын айтпаса, аттың сыны толық болып шықпас еді. Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңін оқығаныңда көз алдыңда сол жақсы аттың өзі тұрғандай, пішіні келіп елестейтіні жақсы атқа бітетін мүшелердің бірін қалдырмай жазғандықтан. Абай көп нәрсені білген, білген нәрселерін жазғанда, «мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа кемшілігі болар» деп, таяқтан тартынбаған. Ақиқатты ақиқат қалыбында, тереңді терең қалпында жазған. Ақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әр түрлі Еуропа білім иелерінің кітаптарын оқыған. Жазушы Ғалихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Луис, Дрепер деген Еуропаның терең пікірлі зиялыларының кітаптарын және Лермонтовтың  өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан, Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар, құты, осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Бұл дегеніміз Абай атамыздың тілінің бай болғанын білдіреді. Осындай даналығын Абай атамыз дұрыс жолда қолдана білді. Дәлірек айтқанда, «ұстаздық» қызмет атқарған. Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері –  Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.Осымен қорытындыласақ, Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді – жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, руһына сонша жақындаймыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Ұлттық сананы жаңғырту мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені, сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз. «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, руһына сонша жақындаймыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар.  Қазақ даласында бірінші шырқалған Татьяна тек Пушкинді ғана насихаттап, халыққа таратып қана қойған жоқ, сүйгеніне қосыла алмаған мұңды орыс қызын қазақпен байланыстырды. Абайдың жастайынан көргені, естігені – халық әдебиеті, бай фольклор, жеке ақындар шығармасы болды. Жасынан әке ырқымен ел ісіне араласқан Абай сөз сырын жақсы білді, дау ұстағандардың талай сынынан өтті, шешен атанды, төбе билікке де сайланды. Бірінші ақынымыз деп қабіріне халқы жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің руһымыз сезер, қуанар», – деп  Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов атамыз жазып кетті. Мәңгілік ел болуды ниет еткен  елмен ұлы Абайдың мәңгілік мұрасы да бірге болары  хақ!

Раббия ЖАСАНОВА,
Макин орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар