Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ережелердің талабы мен тәртібін ұстанамыз - АРҚА АЖАРЫ

Ережелердің талабы мен тәртібін ұстанамыз

Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мемлекеттік қызмет тізіліміне қосылған мемлекеттік қызметтің бірқатар түрлерін көрсетеді.

Атап айтқанда, су тарту құрылыстарын жүргізгенде балық қорғау құрылғыларын орнату мәселесі келіседі. Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру бойынша рұқсат және балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама береді. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған су айдындары мен учаскелерінде кеменің жүзу режиміне де келісімін береді. Аумақтық инспекция әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және кері экспорттау бойынша рұқсатын береді. Сондай-ақ, саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға келісімін береді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. «Су тарту құрылыстарын жүргізгенде балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінім беруді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы да жүзеге асыруға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларымен және стандарттарымен белгіленеді. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – балық шаруашылығы субъектілерінің балық сатуы үшін қажетті «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» болып табылады. Бұл қызметке өткен жылы 93 өтініш түсті. Сондай-ақ, 65 өтінім «Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін аулауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметіне келіп түсті. Бұл қасқыр санын реттеуге де өз ықпалын тигізеді. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес, жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздеме бойынша жүргізіледі.
Ақмола облысының аумағында қасқыр саны аз. Осы орайда, оны биологиялық негіздемеден шығару, биылғы жылы жалпы көлемнің санынан 10 пайызға немесе 4 қасқырға дейін шектеу ұсынылды. Елді мекендер аумағында жергілікті тұрғындардың малына қасқыр шапқанда, оны аулауға рұқсат беріледі. Осыған байланысты Ерейментау ауданының аумағында 4 қасқырды аулауға рұқсат етілді. Инспекция мемлекеттік қызметтерді тегін көрсетеді. Бұған «Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және кері экспорттауға арналған рұқсат беру» кірмейді.

Айна ӘУБӘКІРОВА,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының
бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар