Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Еркін Әуелбеков қорына» әрқайсымыз үлес қосайық! Ескерткіш орнату – елдік іс! - АРҚА АЖАРЫ

«Еркін Әуелбеков қорына» әрқайсымыз үлес қосайық! Ескерткіш орнату – елдік іс!

16 наурызда құрылғанына бір жыл толғалы отырған «Еркін Әуелбеков қоры» қоғамдық қоры мемлекет және қоғам қайраткері, атақты жерлесіміз Еркін Нұржанұлы Әуелбековке ескерткіш тақта орнату және Ақмола-Көкшетау өңіріне еңбегі сіңген тұлғаларды дәріптеу ісімен айналысуда.

Көкшетау облысының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғаның туғанына 90 жыл толуына орай құрылған «Еркін Әуелбеков қоры» қоғамдық қорының ұсынысы бойынша Смағұл Сәдуақасов көшесінің бойындағы скверден ескерткіш орнатуға жер бөлінуі. Жақында бұл жер учаскесі мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, үш жылдық мерзімге қордың иелегіне берілді. Келесі кезектегі міндет – ескерткішті жасайтын мүсіншімен шартқа отырып, бірлесе жұмыс жүргізу. Ол үшін алдымен қордың қоржынында тиісті мөлшердегідей қаражат болуы керек.
Осы мақсатпен ескерткішті орнату жөніндегі ұйымдастыру комитеті Ақмола-Көкшетау өңірінің жұртшылығына, кәсіпкерлерге үндеу қабылдаған болатын. Үндеуде айтылған ұсыныстарды қуаттай отырып, айтпағым, әзірге қорға қаржы аударғандар Еркін ағамен қызметтес болған қамқорлығын көп көрген аға ұрпақ өкілдері ғана. Айтпақшы, қызылордалық ағайындар осы жолы да белсенділік танытып, қордың филиалын ашты. Бұл игілікті бастама Солтүстік Қазақстан, Торғай өңірлерінде де қолдау тапса, нұр үстіне нұр болар еді.
«Еркін Әуелбеков қоры» қоғамдық қоры тұрақты жұмыс істейтін болғандықтан, Көкше өңірінен шыққан тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер іздестірумен, басқа да мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырумен айналысады. Ал, ер ардақтысы Ер ағаның мерейтойына келетін болсақ, ескерткіштің ашылуы, ғылыми-практикалық конференция жайлы фотоальбом шығарып, деректі фильм түсірмекшіміз.
Коронавирус пандемиясына байланысты Еркін Нұржанұлының 90 жылдығына орай, облыстық, қалалық газеттерде танымдық мақалалар жарияланып, «Бұқпа!» газетінің мерекелік нөмірі шығарылды. «Аңыз адам» журналының 2018 жылғы қазан айында шыққан 19 нөмірінің елу данасын да сатып алдық. Бұл басылымдар ескерткішті ашуға және ғылыми-практикалық коференцияға қатысушыларға таратылатын болады.
Еркін Әуелбековтың 90 жылдығын атап өту облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің идеясы болғандықтан, біз кез-келген шараны аға ұрпақ өкілдерімен ақылдаса шешуге тырысамыз. Былтыр Қаныш Сәтбаев көшесіндегі, 15 үйдегі Ерағаның мемориалдық тақтасы жаңартылып, билборд орнатылды. Ағамыздың туған күніне орай, кіндік қаны тамған Жаңасу ауылына барып, қабіріне тағзым етіп, құран бағыштадық. Көкшетаулық қариялар Ғабит Мүсірепов ауданында өткен салтанатты жиынға қатысты.
Қордың алдында тұрған басты міндет – ескерткішті 22 маусымға, яғни, Еркін Әуелбековтың туған күніне орай орнату болса, біздің бір күн түгілі, бір сағат босаңсуға хақымыз жоқ. Сол себепті ардақты ағайынға бір ғана өтінішім бар, ол – қорға қолдау көрсету.

Оразкен НҰРТАЗИН,
«Еркін Әуелбеков қоры» қоғамдық қорының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар