Биылғы жылы Бурабай кентінде рекреациялық кластерді іске асыру жоспарлануда. Қазіргі кезде оның жобалық тұжырымдамасы әзірленді.
Жобаны «BI-Group» компаниясы жүзеге асырмақшы. Рекреациялық кластерде отель-спа, бюджеттік отель, аквапарк қарастырылған. Мұндағы инвестицияның жалпы сомасы 65 миллиард теңгені құрайды, оның 10 миллиардтан астамы биылғы жылға жоспарланып отыр. Жоба биыл қолға алынатын болады. Өңірде туризм саласына инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, облыстың туристік әлеуеті 500-ден астам нысанды құрайды. Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, өткен жылы өңірге келген туристер саны шамамен 200 мың адамды құрады. Бұл республика бойынша бесінші орын. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде туризм саласындағы 10 инвестициялық жоба 391 миллион теңге мемлекеттік қолдауға ие болды. Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2020 жылы 5 миллиард теңге бөлініп игерілген.
«Арқа ажараның» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.