Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баршаңызға мың алғыс! - АРҚА АЖАРЫ

Баршаңызға мың алғыс!

Әр берген әрбір атқан таңыма,
Себепші болған барым, бағыма,
Он сегіз мың ғаламның иесі,
Жоқтан бар еткен Жаратқаныма,
Сансыз алғыс айттым!!!

Маңайына сеуіп мейірім күні,
Жанары көктем, жаздай көңілі,
Үлде мен бүлдеге орай алмаса да,
Бізді ойлаумен өткен барлық өмірі,
Әкем мен шешеме мың алғыс!

Бал дәуренімнің куәсі болған,
Көмегін аямай келетін қолдан,
Ағат басқан сәт басымнан сипап,
Жаныма демеу, бола алған қорған,
Бауырларыма мың алғыс!

Содан соң алғыс бір асыл жанға,
Менімен ғана жетер арманға.
Жылы сөзбен жанымды жамап,
Қасымнан табылар жабырқағанда,
Жан жарыма рахмет!

Жарыма аппақ жарық сыйлаған,
Бар тәттісін бізге жинаған,
Шикіліктеріме шыдаммен қарап,
Жамандыққа еш жаны қимаған,
Ата-енеме рахмет!
Шеріңді кейде ақтарып алатын,
Жеңілдеп біраз жадырап қалатын,
Қосылып қызық-қуаныштарда,
Ортамыз әсем әнге толатын,
Достарымның барына шүкір!

Бар болса шіркін, көре алмайды деген,
Жоқ болса, тағы бере алмайды деген,
Жоққа шығарып осы сөздердерді
Қысылтаяңда қол ұшын берген,
Туысқандарға мың алғыс!

Қыс, көктем, күзде қасыңда жүретін,
Бірге мұңайып, бірге күлетін.
Жан дүниеңді жүзіңе қарап
Жақыныңнан да артық ұғынып, білетін
Әріптестерім, сіздерге рахмет!

Көтерген басына қашанда қазағым,
Сыйластық жайлы сағаттап жазамын.
Қонақ келерде бір ғана қоңырау,
Көтеріп келетін ожау, қазанын,
Көршілердің барына рахмет!

Гүлжазира Арынбекова.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар