Целиноград ауданының Қосшы ауылында бүгінгі таңда 50 мыңнан астам тұрғын тұрып жатса, олардың үйлері негізінен «Котельная АСИ» қазандығынан жылытылады. Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметіне тұрғындар риза. Серіктестік екі ауысымда жұмыс істейді.
Мейрам Боханов серіктестіктегі еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған көрінеді. Бүгінгі таңда қазандықтың машинист-операторы болып еңбек етуде. Аз уақыттың ішінде кәсіби білікті маманға айналған ол жаңадан келіп жатқан жас мамандардың біліктілігін ұштауға да көмектесіп тұрады.
Қызметкерлердің біліктіліктерін арттырып, жаңа технологиямен жұмыс істеуге маманданған іргелі кәсіпорын басшылары тарапынан ұжым мүшелерінің алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасалған.
Суретте: машинист-оператор Мейрам Боқанов.
Суретті түсірген Берік Ескенов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *