2021 жылғы қаңтар айы үшін Ақмола облысындағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы Б А С П А С Ө З – Р Е Л И З І

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысының Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы қаңтарда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 100,4%, 2020 жылдың осы кезеңінде – 100,4%, республикалық мағынада сәйкесінше – 100,6 және 100,7% құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,1%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,6%-ға қымбаттады.
2020 жылғы 21 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін, базалық мөлшерлеме жылғы 9,0% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,2%-ға азайды, 93,3 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,6 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері –57,7 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейдегі банктердің 15 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2021 жылдың қаңтар айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 420,17 теңгені, еуроға – 511,34 теңгені, ресей рубліне – 5,65 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 69 айырбастау пункті, оның ішінде: 57 – банк филиалдарының, 12 уәкілетті ұйымның 11 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2021 жылғы қаңтар айында облыстағы айырбастау пункттері 6,6 миллион АҚШ долларын, 1,0 миллион еуро және 421,9 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы қаңтар айында – 8,0 миллион АҚШ доллары, 1,2 миллион еуро және 464,5 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 214,4 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,3 %-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 2,6 %-ға өсті.
Депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен салынған депозиттердің үлесі 79,9 % құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,58 %, шетел валютасы бойынша – 0,74%
болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 291,5 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 241,8 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,0 %-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 0,4 %-ға азайды (2021 жылғы 1 қаңтарға – 242,7 миллиард теңге).
2021 жылғы қаңтар айында облыс банктерімен сомасы 14,4 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2020 жылғы желтоқсан айынан 26,9 %-ға азайды.
2021 жылғы қаңтар айында теңгемен берілген кредиттер бо-йынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 15,5%-ды құрады.
2021 жылғы қаңтарда теңгемен кредиттердің үлес салмағы 98,78 % құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 89,1 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қаңтар айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2021 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 22,5 % азайып, 6 053,0 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 56,9 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қаңтар айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 2 863,8 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 10,8 % немесе 340,8 миллион теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 ақпанға 42,2 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қаңтар айында сомасы 1 504,9 миллиард теңге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 2,7 есе азайды (2020 жылғы желтоқсанда – 4 089,6 млн. теңге берілді). Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 15,5 % құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
2021 жылғы 1 ақпан үшін айналымдағы төлем карталарының саны жалпы облыс бойынша 1 197,0 мың бірлікті құрайды (алдыңғы аймен салыстырғанда 2,0 % -ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,4 % құрайды.
Ақмола облысы бойынша бұл карточкалар иелерінің саны – 983 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 0,6% өсті.
2021 жылғы қаңтар айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 74 209,3 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 30,7 %-ға азайды). Транзакциялар саны 5 297,8 мың транзакцияны құрап, 16,4 %-ға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 14,7 % азайып, 4 683,3 мың транзакцияны құрады, сомасы 28,3 % азайды (мөлшері 43 767,2 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 27,6 %-ға дейін азайды (транзакциялар саны 614,5 транзакцияны құрады), сомасы 33,9 %-ға азайды (мөлшері 30 442,1 мың теңгені құрады).
2021 жылғы 1 қаңтарға төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 5 585 POS-терминал, 391 банкомат, 3 185 кәсіпкер ; 4 756 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының
ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар