Көп қабатты үйден пәтер алып, қуанышты болды

Ауданда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Алғыс айту күні қарсаңында өңірдің халық ең көп қоныстанған Қосшы ауылында 45 пәтерлі үйдің пәтер кілттері тапсырылды.

Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында елімізде отбасы табысының түрлі деңгейлеріне сәйкес келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырған болатын. Осы мақсатта қолданысқа берілген 5 қабатты үй халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков, пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтап, баспана кілттерін табыс етті.
9 пәтер жетім балаларға, 6 пәтер мүмкіндігі шектеулі жандарға, 30 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілді. Бұл күні осылайша баспаналы болған жандардың қуаныштарында шек болмады.
Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қосшы және Ақмол ауылдарында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған екі үй бой көтерді.

Даурия Даулетияр.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар