«Арқа ажары» газетінің фототілшісі Гран- при жеңіп алды

«Ақжол» демократиялық партиясының жариялаған «Менің елім – менің халқым» атты республикалық фотоконкурсы мәреге жетті. Конкурсқа қатысқан 56 үміткердің ішінен әділ қазылар алқасының шешімімен 21 үздік фототілшілердің еңбектері іріктеліп алынып, финалға жолдама алған еді.
«Арқа ажары» газетінің фототілшісі Советбек Мағзұмов жүзден жүйрік шығып, гран-при – бас жүлдені жеңіп алды. Сыйақы қоры 2 миллион теңге болатын фотоконкурсқа кәсіби фотограф Шүкірәлі Шахай, Мәжіліс депутаты, белгілі журналист Қазыбек Иса сияқты танымал азаматтардың қазылық еткенін айта кеткен жөн.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да сондай биіктерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар