Асыл аналарға арнау

Жылуымен жүректің,
Адамның жанын жібіткен,
Ұйтқысы болып ошақтың,
Көңілдерге гүл еккен.
Аналар күні жасасын!
Баласын қорғап қатерден,
Бауырына басатын,
Туралап келген дұшпанға,
Өз жүрегін тосатын,
Батыр аналар жасасын!
Жүрегіне сәбидің,
Босағасына әр үйдің,
Жанардан нұрын шашатын,
Ұрпағын өрге сүйрелеп,
Бақытын алдан тосатын,
Абзал аналар жасасын!
Ойлаумен ұрпақ бағдарын,
Елемей көздің талғанын,
Қиындыққа бас имес,
Көремін ғой деп қалғанын,
Асыл әжелер жасасын!
Қуатын жұмсап бойдағы,
Әнін салып тойдағы.
Жеткізем деген шәкіртке,
Бар жақсысын ойдағы,
Ұстаз аналар жасасын!
Балзия Едресова.
Целиноград ауданы.

 6 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар