Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
76 мың қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алды - АРҚА АЖАРЫ

76 мың қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вакцина өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып шамамен 12 млн доза вакцина алу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Биыл бірінші ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шарасы басталды. Бүгінгі күні вакцинация жүргізу үшін 347 егу пункті жұмылдырылды, бүгінгі күні 76 188 азамат егілді. Наурыз айының соңына дейін сәуір айынан бастап жеткізілім көлемінің едәуір артуымен 180 000 доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Сәуір айынан бастап халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялауды бастау жоспарлануда», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Оның айтуынша, келіп түсетін вакцина көлемінің ай сайын ұлғаюын ескере отырып, аумақ әкімдері вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтай отырып, қосымша егу кабинеттерін өрістетуді, тиісті халықты вакцинациялауды жүргізуді кеңейту үшін даярланған мамандармен қамтамасыз етуі қажет. «Халықты КВИ-ға қарсы профилактикалық екпелермен қамтудың қажетті деңгейіне қол жеткізу ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазақстанда вакцина өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді, биыл вакцинаны жеткізуді ескере отырып, шамамен 12 млн.доза вакцина алу жоспарлануда», – дейді ол.

https://www.inform.kz/kz/76-myn-kazakstandyk-koronaviruska-karsy-ekpe-aldy_a3764825

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар