Қайда көз салсаң, құрылыс!

Өңірдегі биік-биік ғимараттар бірінен соң бірі бой көтеріп, ел тәуелсіздігімен бірге жасап келе жатыр. Құрылыс саласының дамығандығын осы жылдар аралығында облыста 186 балабақша, 18 500 орындық 47 жалпы білім беретін мектеп пен қосымша 5 оқу корпусы бой көтергендігінен байқауға болады.

Сонымен бірге 353 шағын орталық, ауруханалар мен тұрғын үйлер тұрғызылған. Тәуелсіздік жылдары құрылыс саласына 235 миллиардқа жуық теңге бөлініп, игерілген. Құрылыс саласының қарқындылығын айғақтайтын бірден бір көрсеткіш – тұрғын үй. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Өз үйім», «7-20-25», «Баспана хит», «5-10-20», «Әскери өнім» сияқты бағдарламалар көп. Мемлекет тұрғындардың баспаналы болуына жағдай жасап отыр.
–Былтыр облыс бойынша барлық бағдарламалар аясында көппәтерлі 50 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 45-і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үлестірілді. Сондай-ақ, шет аймақтарды дамытуға байланысты көппәтерлі 1 тұрғын үй берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған үш жыл ішінде 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Осы жылдар ішінде 13 мыңнан астам ақмолалық тұрғынның пәтер мәселесі шешілді. 2017 жылы біз 426 мың, 2018 жылы 478, 2019 жылы 534, 2020 жылы 573 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қостық. Құрылыс заттары 100 пайыз Қазақстанда жасалады,–дейді облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Тасова. Тұрғын үйден бөлек, ірі қалалардың шет аймақтарын жандандыру бағдарламасы да дамудың қосымша серпініне айналып отыр. «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылғаннан бері 10,2 миллиард теңге бөлінді. Өңірдің 15 ауылдық елді мекеніндегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 72 жоба іске асырылды.
–Тәуелсіздік жылдарында 3,7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Соңғы бес жылда жыл сайын орташа есеппен алғанда, 400 мың шаршы метр қосылып отырады. Бұл 91 жылмен салыстырғанда, 10 есе көп. Осы жылдар ішінде 13000-нан астам отбасы баспаналы болды. Өткен жылы 573 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, биыл 640 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Яғни, бұл 5000-нан астам отбасы қоныс тойын тойлайды деген сөз. Демек, ел Тәуелсіздігін алған сәттен бастап, халықтың өмір сүру сапасы едәуір артқан,–дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Хайдар. Саналы ұрпаққа – сапалы жағдай, халыққа – тұрақты баспана ел игілігі үшін атқарылып жатқан міндеттер. Демек, құрылыс саласының қарқындылығы өңірдің дамуына ерекше екпін беріп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар