Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыста өсірген қиярдың жөні бөлек - АРҚА АЖАРЫ

Қыста өсірген қиярдың жөні бөлек

«Органико» серіктестігі төрт жылдан бері қақаған қыста қияр өсіріп, тұтынушыларды осы бір көкөніс түрімен қамтамасыз етуде белгілі бір табыстарға жетіп келеді.

Ақмола облысында көкөністің көптеген түрі өседі. Әсіресе, соңғы жылдары өңірде қияр, қызанақ өсіретін жылыжайлардың қатары артқан. Олар өз өнімдерін республиканың әр қиыры мен алыс-жақын шетелдерге де экспорттайды. Арқаның сарышұнақ аязы да бұл көкөністердің жайлы өсуіне кедергі емес.
Қатарынан орналасқан үш жылыжай кешені. Барлығында қайнаған тірлік. «Органико» деп айдар таққан бұл серіктестік қияр өсірумен 4 жылға жуық айналысып келеді. Серіктестік директоры жылыжайға қажетті жерді де арнайы таңдап алған. Есілдің теріскей бетіндегі бұл алқаптың топырағы құнарлы, жері шұрайлы,–дейді. Ал, көп көкөністің ішінен қияр таңдауының өзіндік себебі де бар.
–Неге біз қиярды таңдадық? Себебі, бұл органикалық көкөністің денсаулыққа тигізер пайдасы зор. Біз осыны өзімізге бренд қылып алғымыз келеді. Сондай-ақ, оны әрі қарай дамыта түсеміз. Өнімге сұраныс жақсы,–дейді серіктестік директоры Виталий Коринков. –Көкөніске қажетті температура, ылғал, жарық автоматты түрде беріледі. Серіктестік жылына 200 тоннаға дейін қияр өндіреді. Алдағы уақытта серіктестік директоры жылыжай санын көбейтуді көздейді.
–Біз алдағы уақытта жылыжай санын онға дейін көбейткіміз келеді. Жылыжай толығымен заманауи қондырғылармен жабдықталған. Яғни, мұнда автоматтандырылған желдету қондырғылары орнатылған. Күніне бір рет суарамыз. Ішкі температура түнде 17-18 градус болса, күндіз 30-35 градусқа дейін барады,–дейді серіктестік директоры. Қазіргі таңда, серіктестікте 10-нан астам адам еңбек етеді. Оның тең жартысы нәзік жанды арулар. Топырақты қопсытып, дән егуде оларға тең келер ешкім жоқ дейді, – жылыжай жетекшісі.
Ал, кей мамандар арнайы оқудан өтіп, тәжірибе жинақтаған. Арнайы курстан өтіп, біліктілігін арттырып келген маманның бірі – Ғалымжан Керімбеков. Жас маман өзінің еңбек жолын осы серіктестіктен бастаған. Қазіргі таңда, ол агроном болып қызмет атқарады.
–Мен мұнда 4 жыл жұмыс істеймін. Маған өз жұмысым қатты ұнайды. Себебі, біз халық үшін пайдалы істер атқарып жүрміз. Бәрі мақтап, ұнатып жатады. Біз тұқымды Голландиядан аламыз. Бір қиярдың өсіп шығуына бір ай жетеді,–дейді серіктестіктің агрономы Ғалымжан Керімбеков.
Серіктестік бұл жетістіктермен шектеліп қалмақ емес. Алда олар өсіретін көкөніс түрлерін көбейтуді көздейді. Осылайша ішкі нарық отандық өнімдермен толыға түспекші.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар