Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сиыр жылы - АРҚА АЖАРЫ

Сиыр жылы

Қазақтың жыл санауы бойынша 2021 жылы сиыр жылы кіреді. Әр жылдың өзіне тән мінезі бар, ал, сиыр жылының қалай өтетінін де біле жүрсек артық болмайды.

Сиыр жылы – тышқан жылынан кейін, барыс жылынан бұрын келетін мүшел есебінің екінші жылы. Орталық Азия халықтарының (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір қайталанып отырады.
Қазақша жыл қайыру

Қазақта жыл қайыру 12 жылдан тұрады. Ол он екі жылға аң мен жануардың аты қойылған. Жыл басы тышқаннан басталып, одан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп жалғасады.
Жыл санау мен жыл қайырудың алғашқы деректері VIII ғасырдағы «Күлтегін»  ескерткіштері мен ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі.
Сиыр жылы қандай болады?
Үй жануарлары жылы жақсы, жайлы өтетінін айтып жүрген этнографтар сиыр жылының не себепті жайлы жыл қатарына жататынын да айтып берді.
– «Қазақ күнтізбесі бойынша сиыр жақсы, жайлы жылдардың бірі деп саналады. Себебі, жаман жылдар тарихта бар, мысалы, қоян жылы қазақ күнтізбесі бойынша ең жаман жыл. Тышқан жылы, жылқы жылында соғыс, ұрыс-керіс болған. Сиыр жуас, момын мал. Екіншіден, ертеректе кедей отбасында бір сиыр болса, сол барлығын асыраған. Бір сиырды сол үйдің анасы деп атайды», –
деп келтіреді этнограф Ахмет Тоқтарбай өз пікірінде. Айтуынша, бір сиырдың сүті бір үйді асыраған. Сонымен қатар, қыста та-
йынша болған түлікті соғымға сойып алып, қыстан аман шыққан.
Сиыр жылы туғандардың мінезі қандай?
Ал, сиыр жылы туғандардың табиғи белгісі – су. Соған байланысты бұл жылы дүниеге келгендер тұрақты, сабырлы болып келеді, көшбасшылық қасиетке де ие.
Ал, осыдан бес ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабында адамдардың мінезін туған жылына қарай сипаттап берген.
Сонымен қатар, сиыр жылы туғандар досқа адал, ақ пейіл, достары мен туған жерінен әсте айырылғысы келмейтін адам болатынын жазған мамандар.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар