Су тасқынының қаупі мол

Облысымызда көктемгі су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу бойынша дайындық шаралары жүргізілуде. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмылдырылып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Доспаев мәлім етті.
Брифингте айтылғандай, биылғы көктемгі су тасқыны қатерінің алдын алу жұмыстары өткен жылы жазда басталған.
– Өңірлердің әкімдіктері 43 елді мекенде ұзындығы 47,1 шақырым су бұру арналарын орнату, 5,2 шақырым топырақ үйілген бөгеттерді нығайту, 4,8 шақырым топырақтан бөгеттер салу, 24,4 шақырым өзен арналарын тазарту, 50 су өткізу құрылыстарын орнату және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жақында 10 ауданда мұзды қопсыту және жару жұмыстары басталады, – деді Қанат Доспаев.
Су басу қаупі жоғары аймақтар саналатын Аршалы ауданында 9 елді мекенде су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілді. Елді мекендерді инженерлік қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес, Есіл өзені арнасының бойында орналасқан Жібек жолы және Түрген ауылдарындағы тұрғын үйлердің аулаларына топырақтан бөгеттер тұрғызу, жыраларды, су өткізу құрылыстары мен өзен арналарын өсімдіктерден тазарту жұмыстары жүргізіледі.
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары Целиноград және Астрахан аудандарында да жүргізілуде.
Жалпы, қазіргі кезде Ақмола облысындағы елді мекендерден барлығы 443,3 мың текше метрден астам қар күрелді, сондай-ақ, 11,6 мың тонна инертті материал, 87,2 мың қаптар дайындалды, 1 мыңнан астам арнайы техника толық дайындыққа келтірілді.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар