Мәңгілік ғұмыр жыры

Көкшетау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, №2 мектеп-лицейінде қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараның мақсаты қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, ақын поэзиясының халық арасында кең таралу сырын таныту болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсене қатысып, ақиық ақынның өмір жолдарынан деректер келтірді. «Жазылар естеліктер мен туралы» деп ақын өзі болжап кеткендей, естеліктер айтылды. Өлеңдер оқылып, ақын сөзіне жазылған әсем әндер орындалды. «Жыр арнадым, ақынға» айдарымен мектеп оқушылары ақынға арнаған өз өлең шумақтарын да оқыды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар