«Құстар, құстар сызылтып ән салады!..»
Жалпы, Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.
Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін, соның ішінде жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және халыққа экологиялық білім беруге бағытталған.
Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы Құстар күні мерекесі кей деректер бойынша алғаш рет қауымдық мереке болып 1894 жылы АҚШ-да өткізілді. Бұл мейрам қарқынды түрде газет басылымдарынан көрініс тауып, АҚШ-ның басқа да штаттарына, Еуропаға да жетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.