Ұлт көсемі – Әлихан

Биыл көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы еліміз бойынша кеңінен аталып өтілуде.

Алаш ардақтысының туғанына 155 жыл толуы мерейлі датасына орай, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі «ZООМ» бағдарламасы арқылы «Ұлт көсемі – Әлихан» атты онлайн конференция ұйымдастырды. Кезінде Алаш арысы, ел мақтанышы Әлихан Бөкейхан «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп ұрандаған еді. ХХ ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ интеллигенциясы уақытында тынымсыз еңбек етті», – деп жазды, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Конференцияны С.Аманжолов  атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Советхан Игібаев «Алашорда үкіметінің және Алашорда қозғалысының тарихнамасының тарихы» атты баяндамасымен ашты. Әлихан Бөкейхановтың Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық әрекетіне өзіндік көзқарасы туралы
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ғалымтай Төлепберген баяндаса, PhD доктор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аталмыш университеттің аға оқытушысы Ерболат Баятұлы «Ә.Бөкейханұлы – ұлт руханиятының жанашыры» атты баяндамасында Әлихан Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған бай да мол мұрасы, ғылыми ізденістері мен зерттеулері туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, конференцияда Алаштың ардақты ұлының ауыр да қилы өмір жолы, оның тәуелсіз қазақ халқының тарихына қосқан үлесі туралы баяндамалар тыңдалды.
Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің әдіскері Айнұр Өтебаева конференцияны қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдіріп, кітапхана қорындағы Ә. Бөкейхановқа байланысты шыққан кітаптармен таныстырды. XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген мәселелер әлі де өзектілігін жойған жоқ. Өскелең ұрпақ Әлихан Бөкейхановтай өз ұлтының ардақты ұлы тұлғаларын танып, тарихын қастерлеуге тиіс және осындай іс-шаралар әлі де жалғасын таба бермекші.
Күнсұлу Исина,
Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар