Премьер-Министр: Алдағы үш айда 6 млн адам вакцина алады

Премьер-Министр: Алдағы үш айда 6 млн адам вакцина алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 3 айда 6 млн адам вакцина алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі біздің басты міндетіміз – санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алғандардың санын арттыру. Осы бағытта нақты жұмыс ұйымдастырылды. Министрлік вакцинациялау бойынша жоспар әзірледі. Биылғы сәуір, мамыр және маусым айлар аралығында өңірлерде ай сайын 2 млн адамға вакцина алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», — деді Үкімет басшысы. Оның атап өтуінше, қыркүйек айында 10 миллионға жуық вакцинациялауға жататын адамдарға вакцина салуды аяқтауды жоспарланып отыр. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі. «Денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің айлық қоры бар. Ал СК «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалынды. Сонымен қатар, барлық өңірлерде 3 айлық дәрі-дәрмектердің, жеке қорғаныс құралдар мен шприцтері бар тұрақтандыру қорлары құрылды. Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде», — деді Асқар Мамин.

https://www.inform.kz/kz/prem-er-ministr-aldagy-ush-ayda-6-mln-adam-vakcina-alady_a3772653

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *