Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындардың арыз-шағымдары қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындардың арыз-шағымдары қаралды

Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, онда шағын бизнес субъектілерінің қызметтерін жүзеге асыру барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік нормаларын сақтау мәселелері сөз болды. Кеңес отырысына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпан, сондай-ақ, кеңес мүшелері мен бірқатар ведомство өкілдері қатысты.

Бірер ай бұрын облыстық қоғамдық кеңес төрағасының атына Көкшетау қаласындағы Абай көшесі 48 мекенжайы бойынша орналасқан 96 пәтерлік тұрғын үйдің тұрғындарынан сол үйдің бірінші қабатындағы «Аiva» мейрамханасының газ баллондарын пайдаланатыны, бұл тұрғындардың өміріне зор қатер төндіріп отырғаны туралы ұжымдық өтініш түскен. Санитарлық талаптарға сәйкес, тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына газ баллондарын пайдалануға рұқсат жоқ. Тұрғындар мейрамхана иелерінің газ баллондарды мейрамхананың ас бөлмесіне үйдің ауласынан кіргізіп жатқандарын бірнеше мәрте көрген. Еліміздің бірнеше қалаларында қоғамдық тамақтану орындарында болған жарылыстардан кейін аталған үйдің тұрғындары тіптен алаңдаулы.
Отырысты облыстық қоғамдық кеңестің президиум мүшесі Қали Рахметов ашып, жүргізіп отырды. Мәжілісте алдымен сөз алған кеңес хатшысы Сара Баймағанбетова қазіргі таңда елімізде бизнес субъектілерді тексеруге мораторий енгізілгеннен кейін не тұрғындар, не мемлекеттік мекемелер мән-жайды анықтау үшін мейрамхананың маңына да жолай алмай отырғанын айтты. Десек те, халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке жаппай қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған тексерулерге мораторий шектеу қоя алмайды. Сол себепті, тұрғындардан ұжымдық өтініш түскеннен кейін облыстық қоғамдық кеңес оны тиісті ведомстволарға жіберген. Бүгінгі таңда тұрғын үйлерде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын қолдану мәселесі өзекті тұр. «Аiva» мейрамханасына қатысты көтерілген мәселе – бұл бір ғана мысал. Сара Баймағанбетованың айтуынша, Көкшетау қаласында 90-ға жуық дәмханалар мен мейрамханалар бар. Оларда азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік нормаларының сақталуын жауапты мемлекеттік органдар қадағалап отыруы тиіс. Алайда, мемлекеттік мекемелер мораторий кезінде бизнес субъектілерді тексеруге болмайды деген заңнамаға сүйеніп, бір кәсіпкердің өзіне шара қолдануға қауқарсыз болып отыр. Тіпті, осы отырысқа арнайы шақырылғандарымен «Атамекен» кәсіпкерлер одағының облыстық құрылымынан ешкім келмеген. Мейрамхана иесі де жоқ. Отырыста сөз алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тимур Хамзин мәселені аталған мейрамхананы орталықтандырылған газ жабдықтау жүйесіне қосу арқылы шешуге ұсыныс білдірді.
Қоғамдық кеңес отырысында сөз алған Ақмола облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Светлана Занегина тұтынушылардың жазған арыз-шағымы он күннің ішінде қаралатынын, әр сауда орнында кәсіпкердің телефоны жазылып тұруы қажеттігін айтып, күнделікті өмірде тұтынушының құқығы қалай қорғалуы керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Оның айтуынша, көп жағдайда тұтынушының құқығы шағын сауда нүктелерінде болатын бөлшек сауда кезінде бұзылады.
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Абылайхан Шәріпов Абай көшесіндегі 48 мекенжай бойынша орналасқан 96 пәтерлік тұрғын үйдің тұрғындарының ұжымдық өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасымен «Аiva» мейрамханасында жоспарлы тексеріс жүргізілгенін, алайда, онда тексеріс кезінде газ баллондары болмағанын айтты. Мұны жиында сөз алған Көкшетау қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Самат Батталов та растады. Осы орайда, қоғамдық кеңес мүшелері мейрамхана иелері жоспарлы тексеріс болатыны жайлы бір күн бұрын хабардар етілгеннен кейін газ баллондарды жасырып қоюлары да мүмкін екенін айтып, тексерістің тыңғылықты жүргізілмегеніне өздерінің сын-пікірлерін білдіріп жатты. Кеңес отырысына қатысқан осы үйдің тұрғыны елімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғаймыз деп, қарапайым азаматтардың құқықтары тапталып жатқанына наразылық білдіріп, апатты жағдай орын алмай тұрғанда «Аiva» мейрамханасына қатысты шара қолдануды сұрады. Отырыс соңында қоғамдық кеңес мүшелері Парламентке кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдауға, әлі де болса аталған мәселенің ақ-қарасын анықтауға келісті.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар