Ақмола облысында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 250-ден астам жоба жүзеге асырылуда

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірде «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында импорттық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жергілікті тауарларға ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Осы ретте, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқа да бірқатар қызмет салалары қамтылатын болады, онда шағын және орта бизнестің 256 жобасы қаржыландырылмақшы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қарапайым заттар экономикасын» дамыту міндетін қойды. Осы тапсырманы жүзеге асыру шеңберінде облыстың барлық өңірлерінде кәсіпкерлік нысандарын субсидиялау түрінде қолдау көрсету бойынша нақтылы шаралар жүргізілуде», – дейді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағылар.

Жеңілдікпен несиелендірудің арқасында өткен жылдың күзінде Шортанды ауданына Германиядан 128 бас симментал сиыры сатып алынып, «MilkProduct» ЖШС жаңа сүт-тауар фермасы ашылды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 4,5 мың тонна сүт өнімін құрайды. Шамамен 15 адам жұмысқа орналастырылды. Серіктестік директоры Данияр Есетовтың айтуынша, жоба екі кезеңде жүзеге асырылып, ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталады.

«Біз «Агрокредит корпорациясы» бағдарламасын пайдалана отырып, мемлекеттің үлкен қолдауына ие болдық. Бүгінгі таңда кәсіпорын айына 20 тонна сүт сатып алады. Өнімді еліміздің ірі қалалары – Нұр-Сұлтан, Теміртау, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларына жеткіземіз. Біз алдағы уақытта өндірісті дамыту және көлемін ұлғайту жоспарлап отырмыз. «Қарапайым заттар экономикасы» арқасында кәсіпкерлерге нақтылы қолдау көрсетіліп келеді», – дейді кәсіпкер Данияр Есетов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар