Степногорск қаласының Ақсу кентінде «Сервистік әкімдік» ашылды. Іс-шара Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин мен қала әкімі Еркебұлан Баяхметовтың қатысуымен өтті.
Өңірдің әрбір тұрғынының қызмет алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» моделі қалалар мен аудандарда ғана емес, облыстың ауылдық округтерінде де енгізілуде.
Ауылдық «Сервистік әкімдікте» азаматтардың мемлекеттік қызметтерді және түрлі мамандардың кеңестерін ыңғайлы алуы үшін барлық қажетті жағдайлар көзделген.
Е-gov порталында қолжетімді қызметтерді алу кезінде ауыл тұрғындарына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, ыңғайлы күту залы бар, ақпараттық стендтер орналастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назардан тыс қалмайды, олар үшін де қолайлы жағдай жасалған.
Айта кетейік, халыққа қолжетімді болу мақсатында Ақсу кенті әкімінің кабинеті әкімдік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Жақын жерде азаматтарды жеке қабылдау үшін Open Space форматындағы кабинет орналасқан.
Жалпы облыс бойынша қалалар мен аудандарда, сондай-ақ Красный Яр ауылында 20 «Сервистік әкімдік» жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығы қалалық әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға новеллаларды және ӘҚБтК-ге сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Арман Бердалин «Қазақстанның жылыжай технологиялары» кәсіпорнында болды. Департамент осы ұйыммен «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды. Бұл жылыжай кешені көкөністер мен тұқымдар, гүлдер өсірумен айналысады.