Ақмолалық 14 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

«Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ 2021 жылғы 25-30 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 2020-2021 оқу жылының республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілгендігі туралы хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына жәрдемдесу, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.

Жыл сайын республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі. 2020-2021 оқу жылында республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 16672 бала қатысты, оның ішінде аудандық кезеңге 4931 оқушы өтсе, облыстық кезеңге 422 оқушы қатысты.

Коронавирус пандемиясына байланысты қорытынды кезең «Ustudy» компьютерлік тестілеу орталығының базасында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Көкшетау қаласында ұйымдастырылды.

Олимпиада «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізілді.

Республикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық облыстарынан 1500-ден астам оқушы қатысты.

Ақмола облысынан Республикалық олимпиадада 73 оқушы бақтарын сынады. Олар облыстық кезеңнің жеңімпаздары Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандарынан, “Білім-инновация” лицейінен, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған  №3, №4 мектеп-интернаттарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан.

Олимпиаданың жабылу салтанаты сәуірдің 30-ы онлайн режимде өтті.

2020-2021 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы Алдияр Мыңбаев ағылшын тілі пәнінен І дәрежелі диплом иегері атанды.

«Информатика» пәні бойынша Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Ибодуллаев Руслан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Келесі оқушылар ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

  1. Даминов Арслан – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, математика пәнінен;
  2. Алпысбай Әділхан – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, математика пәнінен;
  3. Болатқан Лұқман – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, физика пәнінен;
  4. Шарипов Амирлан – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, информатика пәнінен;
  5. Кәкенов Санжар – Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, биология пәнінен;
  6. Ситнер Екатерина – Көкшетау қаласы, №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен;
  7. Касаткин Владимир – Щучинск қаласы, №4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәнінен;
  8. Ирмашев Назар – Бурабай ауданы, Баянбай орта мектебінің 11 сынып оқушысы, құқық негіздері пәнінен;
  9. Ахметжанова Айзада – Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллина атындағы №3 көптілді оқыту бейіндік мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, құқық негіздері пәнінен.
  10. Сыздықова Мейірім – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен;
  11. Кравинкина Анастасия – Аршалы ауданы, Сарыоба орта мектебінің 10 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен;
  12. Ильина Анастасия – Атбасар қаласы, №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, өзін-өзі тану пәнінен;

Барлық жүлдегерлерді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Осы жетістіктің энергиясы сіздерді позитивпен қуаттандырсын және әрі қарай жетістіктерге жаңа серпін берсін!

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар