«Қазақшаң қалай, балақай?» онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұған ересектер ғана емес, кішкентай ақмолалықтар атсалысуда.

Облыстық деңгейде онлайн режимінде түрлі ұлт өкілдерінің балалары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған «Қазақшаң қала, балақай?» дәстүрлі онлайн байқауы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы кездері байқауға қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Биыл қатысушылар саны әлдеқайда көп. Байқау алдында іріктеу туры өтті. Сахнаға 12 мықты команда шығып, бақ сынады.

Байқаудың масқаты, мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға және сауатты жазуды қалыптастыруға бағытталған. Жеңімпаздар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша ғана емес, материалдың сыртқы келбеті мен көрсетілуіне назар аударылды.

«Біздің мемлекеттік тілімізді дәріптеу, тіліміздің қасиеттерін түсіндіру мақсатындағы бұл байқау өте маңызды. Барлық қатысушылар өте лайықты болды. Әр адам тілдерді жетік меңгергенін көрсетті. Біз барлық балалар қазақ тілінде жазылған өздерінің шығармашылық жұмыстарын лайықты түрде ұсынды деп есептейміз», – деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі Айдана Жаргүлбаева.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Есіл, Аршалы және Бурабай аудандары балабақшаларының кішкентай тәрбиеленушілері өзара бөлісті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар