9 мамыр қарсаңында Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тыл еңбеккерлерін, Ішкі істер органдарының ардагерлерін, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлерінің үйіне барып, Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады. Соғыстан кейінгі жылдардағы жемісті еңбегі, Отанға адал қызметі үшін алғыс айтты.
Бұл күндері алты тыл еңбеккері, ішкі істер органдарының ардагерлері: отставкадағы аға лейтенант Бегалі Әскеров, отставкадағы полиция подполковнигі Николай Митрофанов, отставкадағы полиция майоры Ботан Оразбеков, отставкадағы полиция майоры Николай Сокирко, тыл еңбеккері ішкі істер органдарының ардагері Мунира Усманова құттықтау алды.
Сонымен қатар, полицейлер ішкі істер органдары ардагерлерінің жесірлері Ольга Гречухина, Зикен Жаркенова, Камал Қаженова, Нағима Өсіпова, Ксения Тюменцеваның үйіне барды. Барлығына материалдық көмек, азық-түлік толы себет пен гүл сыйлады.
«Жеңіс күні қарсаңында мұндай кездесулер қарт адамдар үшін әрқашан ерекше. Қонақтарды қарсы ала отырып, тыл еңбеккерлері өз өмірлері туралы айтып, қарт адамдардың балалық шағы кезеңіне түскен соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.