Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның өңірде карантин талаптарын жұмсарту туралы кезекті қаулысы шықты.
Қауылда сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне бір келушіге 4 шаршы метрден алғанда толымдылығы 30 пайыздан аспағанда кешкі сағат 22:00 дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
«Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған нысандарды (вакцинациялауға алдын ала жазылған жағдайда) қоспағанда, (қойма үй-жайларынсыз жалпы алаң ескеріледі) ауданы 1000 шаршы метрден астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауарлар дүкендері сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтады. Сонымен бірге, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым салынады», -делінген қаулыда.
Сонымен қатар, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды өткізуді тоқтатып, келушілер арасында кемінде 2 метр және кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне рұқсат беріледі.
Жазғы алаңдар толымдылығы 50 пайызға дейін, дәмхана, мейрамханалар, дүкендер жанындағы барлар және тағы басқа түрі бойынша (үй-жайда) толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын жағдайда 09:00-ден 20:00 сағатқа дейін жұмыс істейтін болады. Ал асханалардың жұмыс режимі 09:00-ден 24:00 сағатқа дейін анықталып отыр.
«Ashyq» жобасына қатысатын нысандардың қызметі осы жаңа қаулының 1-ші қосымшасындағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес келуге тиіс.