Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңарып, жайнаған ауыл - АРҚА АЖАРЫ

Жаңарып, жайнаған ауыл

Ақмола облысының құрметті азаматы, «Отан» орденінің иегері Александр Закусилов құрылтайшысы болып табылатын Сандықтау ауданындағы «Свободное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қалыптасуы және дамуымен тәуелсіз Қазақстанның өсу жолын айғақтай түскендей.

1982 жылы шығынға батқан «Максимов» кеңшарын қабылдап алған Александр Александрович уақыт өте келе, оны экономикалық тұрғыдан тұрақты, үлгілі шаруашылыққа айналдыра білді. 1999 жыл осы жаңарудың басы болып табылатын серіктестік бұл күнде егіні жайқалып, малы мыңғырған, тиімділігі жоғары, асыл тұқымды мал және элиталық тұқым шаруашылығы болып табылады.
2000 жылы «Свободное» серіктестігінің негізінде кіші Закусилов, яғни, Александр Закусиловтың ұлы Александр басқаратын «Максимов» серіктестігі құрылды. Ауданның қос озат шаруашылығы бұл күнде өздерінің қос саладағы толымды табыстарымен бүкіл облысымызға танымал. Олардың жетекшілеріне әлеуметтік жауапкершілік, тұрғындарға және олардың балаларына қолдан келгенше барлық қолайлы еңбек және тұрмыс жағдайын жасау ұмтылысы тән. Жылдар биігінен қарасақ, бұл міндет пен парыз олардың қолынан жақсы келуде.
2007 жылы Закусиловтардың әкесінің сол жылы тұңғыш рет тағайындалған ұлттық қоғамдық «Алтын жүрек» қайырымдылық сыйлығын иеленуі де тегін емес. Бұл өз ауылдастары үшін атқарылған қыруар игілікті жұмыстардың қарымтасы. Мәселен, Александр Александрович тек қана аймағымызда ғана емес, сонымен бірге бүкіл еліміз бойынша шағын балалар орталықтарын ашудың бастауында тұрды. 2001 жылы қазақ тілін оқытатын кабинеті бар облысымыздағы алғашқы тегін балалар бақшасы Максимовка мектебінің жанында пайда болды. Шаруашылық директоры сол кезде-ақ Қазақстанда тұратын әрбір тұрғын мемлекеттік тілді білуі керектігіне, ал, оған жас ерекшеліктеріне байланысты жағдайлары келе бермесе, балалардың бәрі оны оқып үйренуі қажеттігіне сенімді еді.
Александр Александрович мәдени және гуманитарлық салаларда қайырымдылық пен демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Құрметті дипломының иегері. Жыл сайын әлеуметтік салаға мол қаржы бағытталуда. Шаруашылық жергілікті мектепке, мәдениет үйіне, учаскелік полиция пунктіне, дәрігерлік амбулаторияға көмек көрсетіп отырады. Сонау 2008 жылдың өзінде директор учаскелік дәрігерге тұрмысқа қолайлы пәтердің кілтін тапсырды. Оның шартында пәтерақысы алынбайтыны, он жылдан кейін сатып алу арқылы оны жекешелендіруге болатыны көрсетілген. Содан бері де 13 жыл өтіп, бір кездегі шешімнің орындалуы дәл солай болды.
Тұрғындар үшін тұтастай көшелер салынатын ауыл-селоларды көп білеміз бе?! Ал, Максимовкада солай. Мұнда қос пәтерлі, тұрмысқа қолайлы, кең де жарық үйлерден тұратын тұтастай көшені кездестіруіңізге болады. Оны жергілікті тұрғындар өзара «Рублевка» деп атайды. Бүгінгі таңда мұнда еңбек ардагерлері, жұмысшылар, жас мамандар, көп балалы отбасылар тұрып жатыр. Бұл күндері тағы бір қос қабатты ғимарат тұрғын үйге лайықталып, қайта жаңартылуда. Селода монша-кір жуу кешені, наубайхана жұмыс істейді. Ал, бір бөлке нанның бағасы бар-жоғы 40 теңге. Осыдан-ақ байқалатынындай, Закусиловтардың үлкені өз жерлестері үшін қыруар жұмыстарды тындырған сыйлы жан. Оның бәрін санап шығудың өзі қиын. Ең бастысы, мұны осында тұратын және туған шаруашылықтары үшін аянбай еңбек етіп жүрген тұрғындардың өзі жақсы біледі.
«Максимов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, кіші Закусилов та әкесінің жақсы өнегесімен әлеуметтік сала тізгінін бекем ұстауда. Осыған мысал ретінде жабық хоккей кортын атасақ та жеткілікті. Жалпы алаңы 1,7 гектар, ұзындығы 57 метр, ені 27 метр, осы параметрлерімен КХЛ (континентальды хоккей лигасы) стандарттарына жауап беретін бұл корттың құрылысына 140 миллион теңге қаржы жұмсалған. Мұнда көше тренажерларына, жасанды жамылғысы бар футбол алаңына да орын табылған. Кешенді жасыл желекті саябақ көмкеріп тұр. Сөйтіп, осы бір кешеннің әрбір құрылысы, әрбір нысаны әкелі-балалы Закусиловтардың өздерінің кіші Отандарына деген шексіз сүйіспеншіліктерін айғақтап тұрғандай. Балаларға жасалған бұл тартуды басқаша көз алдыңа елестету мүмкін емес. Мұның бәрінен шығаратын қорытынды, осындай жаны жомарт жандар барда, олар басқаратын қос елді мекен де одан әрі көркейіп, көз тарта бермекші.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар