Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пошта қызметін дамытудың мүмкіндігі ұлғайып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Пошта қызметін дамытудың мүмкіндігі ұлғайып отыр

«Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап қайта құрылды. 6 жыл бойы кәсіпорын Астана поштасының қарамағында болатын. Енді одан Көкшетау, Степногорск қаласы және 10 аудан Ақмола облыстық филиалы болып, жеке бөлініп шықты.

Біз қаржылық, пошталық және агенттік қызмет түрлерін көрсетеміз. Мемлекет басшысының өткен жылғы оңтайландыру жөніндегі тапсырмасына орай, ауылдық елді мекендерде пошта бөлімшелері көптеп қысқарды. Алдағы уақытта қысқарту тоқтатылып, ауылдық елді мекендерде қаладағы тәрізді қызметтің түр-түрін көрсететін боламыз. Қазір біз жаңа жоба жасап жатырмыз. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету. Облыс бойынша біршама тұрғындарға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Дегенмен, бұл орталық ауылдық елді мекендерде жоқ. Ауылдықтар мемлекеттік және әлеуметтік қызмет алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр.
Жалпы, бізде қазір 638 мемлекеттік қызмет түрлері бар. Қызметтің 500-ге жуығы электрондық түрде көрсетіледі. Ал, ауыл тұрғындары әртүрлі себептермен бұл қызметтердің түрін ала алмайды. Компьютері мен смартфоны жоқтар бұндай қызмет түрлерінен хабарсыз. Мемлекеттік қызметті ауыл тұрғындарына қолжетімді етпекпіз. Бұл қызметіміз Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен және Азаматтық үкіметпен келісілді. Олар біздің мамандарды өз қызмет түрлеріне үйретеді. Поштадағы әлеуметтік қызмет порталы арқылы мүгедектер арба, таяқ тәрізді өзге де қажет заттарды ала алады. Ол үшін аудандық әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөліміне барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Жергілікті азаматтарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуді қолға алмақшы. Қазір смартфоннан барлық қызмет түрлерін алуға болады. Бұған да ауыл тұрғындарын тегін үйретеміз. Ауылдық елді мекендердегі біздің бөлімшелеріміз жабылмауы керек. Сол үшін ауыл поштасының қызмет түрлерін көбейтеміз. Ауылда хат, газет-журнал, сәлемдеме және зейнетақы таратамыз. Пошта арқылы пойыз бен ұшақтың билеті де сатылады.
Төрт банк арқылы несие беру тәрізді агенттік қызмет те көрсетеміз. Көптеген ауылдық елді мекендерде интернет жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Телеком арқылы байланыс арнамыз бар. Сол арқылы бөлімшелерде қызмет көрсетіледі. Жергілікті әкімдіктер бұл қызметті атқарып үлгере алмауы мүмкін. Бұл интернет қызметі сапасын жақсартады. Біз мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетсек, бөлімшелеріміз жабылмайды. Оқырмандарға газет-журналды уақытында жеткізуіміз керек. «Қазпошта» акционерлік қоғамы әлеуметтік қызмет те көрсетеді. Онсыз поштаны ауылдық елді мекендерге тасымалдаудың шығыны көп болар еді. Тұрғындарға қызмет көрсету арқылы алған субсидиямен шығынды жабамыз «Қазпост» деген порталымыз бар. Мұндағы қызметтің барлығы электрондық түрде көрсетіледі. Мәселен, барлық коммуналдық, салық және айыппұл төлемдерін қабылдаймыз. Сәлемдеменің қай жерде келе жатқанын қадағалауға болады. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің несиесін пошта арқылы төлеуге болады. Біздің процестік орталықта әлеуметтік карточка жасап шығарды. Осы карточкамен дәріханадан дәрі сатып алсаңыз, бағасы 5 пайыз төмендетіледі. Карточканы автобуста да пайдалануға болады. «Қазпост» порталы арқылы өзге өңірлерге, шетелге және бір карточкадан екінші карточкаға ақша аударуға болады. Қала тұрғындары үйіне курьер шақырып, сәлемдеме жіберулеріне болады. Ақысын карточка арқылы төлейді.
Бүгінгі күні «Қазпошта» акционерлік қоғамы қарқынды дамып келеді. Өйткені, кеңсенің барлығы цифрландырылды. Аталмыш порталды ашып, тез арада қызметтің түр-түрін алуға болады. Бұрынғы әдіспен баспасөзге жазылу жүріп жатыр. Бізде қаржылық жоспар бар. Соны орындауымыз керек. Филиалымыз алты жылдан кейін қайта ашылды. Осы орайда, өзіміздің бұрынғы тұтынушылар базасын жинаудамыз. Жас мамандарды оқытып жатырмыз. Бұрынғы мамандар кері қайтарылуда. Осы жартыжылдықта жаңа деңгейге шығамыз. «Каспий», «Ивен», «Форте маркет» тәрізді үлкен корпоративтік компаниялармен жұмыс істейміз. Олар заттарын біз арқылы тасымалдайды. Филиалда инкоссация бөлімі бар. Осы бөлім арқылы екінші деңгейлі банктер, жанар жағар май құю станциялары ақшасын тасымалдайды. Облыс аумағында 23 банкоматымыз, кассалық киоскіміз, постаматымыз бар. Сәлемдемелер постамат арқылы 4 сағаттың ішінде жеткізіледі. Тұтынушыларға супермаркеттен сәлемдемелер апарамыз.
Еңбеккерлеріміз жалақысын уақытында алады. Олардың еңбекақысын өсіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Ауылдық елді мекендердегі пош-та бөлімшелері жұмыс істеп тұрса, тұтынушылар саны көбейіп, жоғары деңгейге жетеміз. Осы орайда, Краснояр кентіндегі пошта бөлімшесін қайта аштық. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында басылатын газеттерден өзге газеттер Зеренді, Сандықтау ауданы орталығына уақытылы жеткізіледі. Газет өзге аудандарға пойыз бағыты арқылы тасымалданады. Елорда маңындағы аудандарға Нұрсұлтан қаласындағы пошта қызмет көрсетеді.
Филиалда пошта тасымалдайтын автокөлік паркі бар. Операторлар поштаны уақытында жеткізу үшін материалдық тұрғыда ынталандырамыз. «Біздің адамдар» деген жобамызда пош-
таны уақытында жеткізгендерді ынталандыру мәселесі қарастырылған. Бұл еңбек тәртібіне өз септігін тигізуде. Төл мерекеміздің қарсаңында Ақмола филиалының бас маманы Әмина Балтабаева мен байланыс операторы Людмила Саттарова «Үздік байланысшы» атанса, сұрыптаушы Раушан Сәдуақасова мен аудандық пошта байланысы торабының басшысы Гүлмира Молдахметова Құрмет грамотасына ие болды. Сондай-ақ, филиалдағы операциялық сектордың бас маманы Дәмила Гарафутдинова мен пошта байланысы бөлімшесінің хат тасушысы Ирина Самратова Алғыс хатпен марапатталды.
Сөз соңында бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын, еңбектерінің жемісті болуын тілеймін.
Қайрат БЕКЕНОВ,
«Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының
директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар