Қадырхан Киікбайұлы Бейсенбаев 1985 жылы 27 маусымда туған. 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-эколог» мамандығы бойынша, 2013 жылы Мирас университетін «экономика бакалавры», 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы магистратураны тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үйлер секторының жетекші маманы лауазымынан бастады.
2010-2021 жылдары аралығында еліміздің бірқатар өңірінде жоғары лауазымды қызметтерде болды.
2021 жылғы 11 мамырдан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің «Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысы болып тағайындалды.