16 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі таңда «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы облыстары орналасқан.
Шымкент қаласы және Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр. «Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Дереккөз: inform.kz