Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Шу ауылындағы су құбыры желілері мен құрылыстарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Новосельский және Сочинский ауылдарында су құбыры желілерін қайта құру мен салуға жобалық–сметалық құжаттама әзірленді.
«Бұдан бөлек, Родионовка, Калиновка, Хрящевка және Магдалиновка ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге, Степной кентіндегі су сору станциясы мен таза су резервуарларын қайта жаңартуға қаражат бөлінді.
Сондай – ақ, БейсХазрет ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіледі», – деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аманбек Қалжанов.